Ақмола облысы әкімінің Білім күнімен құттықтауы

Құрметтi ақмолалықтар!

Бiлiм күнi және жаңа оқу жылының басталуына орай құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев бiлiм мен ғылымның дамуына ерекше көңiл бөледi. Қазiргi күнi бiлiм жүйесiн жаңғырту бағытында белсендi жұмыстар жүргiзiлiп, бiлiм беру үдерiсiнiң бүгiнгi күнгi жаңа формасы мен инновациялық технологиялары енгiзiлуде. Жас ұрпақтың өздерiнiң қабылет-қарымдарын жан-жақты ашуларына барлық мүмкiндiктер жасалған.

1 қыркүйек — бұл бiздiң балаларымыздың өмiрiндегi ерекше күн, әсiресе өмiрлерiнiң жаңа кезеңi басталатын бiрiншi сыныптықтар үшiн қайталанбас сәт. Бүгiнгi күнi мектеп табалдырығын 14 мыңнан астам бiрiншi сыныпқа баратын балалар аттағалы тұр. Ал, жоғары сыныпта оқитындар үшiн болашақ мамандықтарын таңдап, өмiр жолдарын айқындайтын мектеп бiтiрер жыл басталмақ.

Қадiрлi ата-аналар мен ұстаздар! Бiлiм — бұл танымның жаңа сарқылмас көкжиегi, талантты ашудың тың мүмкiндiктерi, үлкен және табысты өмiрге бастайтын жол. Бiздiң балаларымыз — бұл бiздiң қазiргi жарқын сәтiмiз және заңғар болашағымыз. Олар өз күштерi мен бiлiм-бiлiктiлiктерiне сенуге үйренiп, алға қойған мақсаттарында табанды, таным көкжиегiнiң жаңа биiктерiне көтерiлуде табысты болуы тиiс. Осы орайда, бiз оларға өзiмiздiң қамқор көңiлiмiзбен, қолдауымызбен көмек көрсете аламыз.

Баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы жаңа бiлiм көкжиегiн кеңейтiп, биiктерге көтерiлуге жол ашсын. Еңбектерiңiзге жемiс, дендерiңiзге саулық және бақыт тiлеймiн!

Құрметпен
Мәлiк Мырзалин,
Ақмола облысының әкiмi.

Құрылған күні: 01.09.2018
Қаралым саны: 308

Қаз Рус Eng