Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметтi ақмолалықтар!

Баршаңызды ұлық мереке — Алғыс айту күнiмен құттықтаймын! Бұл мереке Елбасының басшылығымен Тәуелсiз Қазақстан Республикасын құрып, дамудың кемел келешегiне қадам басқан елiмiзде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың достығы мен туысқандығының жарқын көрiнiсi iспеттi. Мерекенiң басты ерекшелiгi — өз тарихымызды ұмытпай, оны мақтан тұту.

Қазiр өзiмiз өмiр сүрiп отырған қоғамда өсiп келе жатқан жас ұрпақтың бойына бiр-бiрiне деген сыйластық пен ұлтаралық достық сезiмiн орнықтыру маңызы зор мiндеттiң бiрi болып табылады.

Алғыс айту күнiн елiмiзде тұрып жатқан барлық азаматтарға және ортақ тарихымызға деген құрмет сезiмiнiң тағы бiр мүмкiндiгi деп бiлемiз.

Көктемнiң алғашқы күнi аталып өтетiн осы бiр мереке күнi барлық отбасыларына берек-бақыт және игiлiк тiлеймiн! Денсаулықтарыңыз мықты, еңбектерiңiз жемiстi болсын, ортақ Отанымыз Қазақстанды гүлдендiру жолында табыстарға жете берейiк!

Құрылған күні: 01.03.2019
Қаралым саны: 400
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус