Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы

Құрметтi ақмолалықтар!

Сiздердi мемлекеттiк мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтаймын!

Осыдан тура 27 жыл бұрын Қазақстан халқы басты тарихи таңдауын жасап, өз тағдырын Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа сенiп тапсырды. Осы жылдар iшiнде Қазақстан өзiнiң Ұлт көшбасшысымен бiрге бәсекеге қабiлеттi мемлекет құруда орасан зор қадам жасады.

Келер ұрпаққа Қазақстанның эволюциялық даму жолындағы әлемдiк саясаткер ретiнде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлiн әлi терең түсiнуге және мойындауға, оның ұлан-ғайыр реформаторлық қызметiн жан-жақты бағалауға тура келедi.

Бүгiнгi таңда Елбасының басшылығымен бiз дамудың жаңа кезеңiне аяқ басып отырмыз. Бiздiң Президентiмiз ел дамуының басты идеялық дем берушiсi. Бiзде ұлтты ұйыстырып, оны жоғары дамыған және экономикалық қуатты Қазақстанды құру тұрғысындағы алда тұрған мiндеттерге жұмылдырған нағыз Ұлт көшбасшысы бар.

Бүгiнгi мереке күнi Сiздерге және сiздердiң отбастарыңызға зор денсаулық, бақыт және табыс тiлеймiн. Бiздiң ортақ үйiмiзде әрқашан бейбiтшiлiк, өрлеу және ынтымақ-береке болсын!

Құрылған күні: 30.11.2018
Қаралым саны: 157
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng