Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

Құрметтi ақмолалықтар!

Сiздердi Отан қорғаушы күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Әскер қай кезеңде де елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiнiң тiрегi, азаматтарымыздың саулығы мен тыныштығының кепiлi болғаннан кейiн бұл мереке әрбiр қазақстандық үшiн өте маңызды мереке. Қазақстан әскерiнiң рөлiн айшықтай келе, Тұңғыш Президентiмiз — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген болатын: «Қазақтан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарында қызмет ету мүмкiндiгiне ие болу — зор мәртебе. Бiз — бейбiт елмiз. Көршi мемлекеттерге ешқандай наразылығымыз жоқ. Бiрақ, тәуелсiздiгiмiздi, елiмiздiң шекарасын көздiң қарашығындай қорғау үшiн жоғары мобильдi, жақсы жарақтанған әскерiмiз бен жан-жақты дайындалған Отан қорғаушыларымыз болуы қажет».

Әскери қызмет жауапкершiлiгi мол, әр азаматтың мiндетiн абыроймен атқаруын талап ететiн батылдық пен қайсарлықтың мектебi деп бiлемiз. Қазақстанның қорғаныс әлеуетiнiң нығайтылуы мен ұлттық мүдденiң сенiмдi қорғалуы — азаматтарымыздың берекелi өмiрiнiң негiзi.

Отан қорғаушы күнiнiң Жеңiс күнi қарсаңында атап өтiлетiнi көңiлге қуаныш ұялатады. Бүгiнде батыр әкелерiмiз бен ағаларымыздың ерлiк жолдарын жас ұрпақ өкiлдерi абыроймен жалғастыра түсуде. Жастардың Отанға деген сүйiспеншiлiк пен оны қорғауға деген ықыластары өте жоғары. Осы орайда, Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне, интернационалист-жауынгерлерге, сондай-ақ, әскери қызметшiлерге де лебiздi құттықтауымды жеткiзгiм келедi.

Барша ақмолалықтарға бейбiт өмiр, амандық-саулық, жетiстiктер тiлеймiн. Отан қорғаушылар күнi құтты болсын!

Құрылған күні: 06.05.2019
Қаралым саны: 632
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус