Ақмола облысының әкімі Ермек Маржикпаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің құттықтауы

Құрметтi бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi!

Сiздердi төл мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл шығармашылықпен айналысып, тiл өнерiнiң қыр-сырын меңгерген түрлi кәсiп иелерiн бiрiктiретiн тамаша мереке.

Қазiргi күнi облысымыздың аумағында 76 баспа құралдары мен 17 электронды ақпарат құралдары тiркелiп жұмыс iстеуде. Оларда көптеген талантты журналистер қызмет етедi. Осындай түрлi бұқаралық ақпарат құралдарының болуы облысымыздың тұрғындарының өңiрiмiзде болып жатқан жайлардан жедел және шынайы хабар алып отыруын қамтамасыз етедi.

Мен сiздердiң өздерiңiзге жүктелген осындай жауапты да, маңызды мiндеттерiңiздi абыроймен атқарып жүрген еңбектерiңiзге, ең бастысы, өңiрiмiзге, оның жетiстiктерiне деген сүйiспеншiлiктерiңiзге ризалығымды бiлдiремiн. Өмiрлерiңiзде жақсы, жағымды сәттер көп болсын, еңбектерiңiзге табыс тiлей отырып, әрдайым кәсiби биiк деңгейден көрiне берiңiздер деймiн!

Құрылған күні: 28.06.2019
Қаралым саны: 238
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус