Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ауылдағы тұрмыс сапасын арттыру: 2025 жылға дейін «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен ауыл тұрғындарының 80% қамтылады

ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Ж. Қасымбек ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезiнде берген тапсырмасына сәйкес «Ауыл — Ел бесiгi» жобасын iске асыру басталғанын айтып өттi.

Жобаның негiзгi мақсаты — ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк ортасын жаңғырту, оларды өңiрлiк стандартқа дейiн жеткiзу. Жоба шеңберiнде әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтiк игiлiктер мен мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмiр сүру ортасын қалыптастыру бойынша бiрқатар мiндеттердiң шешiмi табылатын болады.

Ж. Қасымбек алдағы жылдары ауылдық елдi мекендердi басымдылау үшiн есептеу көрсеткiштерiнiң әдiстемесi мен моделi жетiлдiрiлiп жатқанын мәлiм еттi. Өңiрлiк стандарттар — бұл азаматтардың өмiр сүру сапасының көрсеткiштерi. Оларға әлеуметтiк игiлiктер мен мемлекеттiк қызметтер қолжетiмдiлiгiнiң нақты критерийлерiнiң тiзiмi, сондай-ақ өмiр сүру үшiн адамдарды қажеттi инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету кiредi. Мәселен, тiрек ауылдарда салалық нормативтерге сәйкес келетiн кем дегенде 19 ауылдық округ орталықтарында және 26 ауыл-аудан орталықтарында объектiлер мен қызметтердiң болуы көзделедi. Осыған байланысты инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде iске асыру кезiнде «бюджеттiк сүзгi» (басымдықты қаржыландыру) қамтамасыз етiле отырып, тiрек ауылдарды дамытуда кешендi тәсiл қолданылды.

Жобаны iске асыруға республикалық бюджеттен 2019–2021 жылдары 90 млрд теңге бөлу көзделген, оның iшiнде 2019 жылы 30 млрд теңге бөлiнетiн болады.

Өңiрлердегi әкiмдiктермен бiрлесiп биыл 52 ауылдық елдi мекен iрiктеп алынды, онда 454 iс-шара iске асырылатын болады, оның iшiнде 247 iс-шара — көлiк инфрақұрылымын дамытуға, 135 iс-шара — әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға және 72 iс-шара — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Басты назар iрi елдi мекендерге — яғни жинақталған өзектi инфрақұрлымдық проблемаларды жылдам шешудi қажет ететiн, халық саны көп аудан орталықтарына аударылды. Қаржыландырудың көлемi бiр аудан орталығына орта есеппен шамамен 670 млн теңгенi құрайды. Қазiргi уақытта жобаларды iске асыруға жергiлiктi бюджеттен 4,7 млрд теңге немесе 15,8% бағытталды.

Жобаны тиiмдi iске асыру үшiн Вице-Премьер Ж. Касымбектiң төрағалығымен Жобалық офис құрылды. Осы сияқты өңiрлiк офистер облыстарда әкiмдердiң төрағалығымен құрылатын болады. Өңiрлiк жобалық офистердiң есебi әрбiр екi апта сайын тыңдалатын болады. Жобаны тiкелей үйлестiрудi және әкiмшiлендiрудi ҚР Ұлттық экономика министрлiгi жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Парламент және мәслихат депутаттарының, қоғам қайраткерлерiнiң, үкiметтiк емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қатысуымен жобаға қоғамдық мониторинг ұйымдастырылатын болады.

Үкiмет желiсi бойынша нақтыланған бюджет қабылданды. Жобаларды жүзеге асыру бойынша мақсатты трансферттер өңiрлерге жолданатын болады.

Әкiмдiктер, өз кезегiнде, бөлiнген қаражатты уақытылы әрi тиiмдi игерудi қамтамасыз етiп, жобаларды жүзеге асырудың тиiстi рәсiмдерiн сапалы жүргiзiп — конкурстарды жариялап, олардың тәжiрибелiк iске асырылуын бастауы қажет.

2025 жылға дейiн «Ауыл — Ел бесiгi» жобасын iске асыру даму әлеуетi жоғары (тiрек ауылдар) 2 мыңға жуық ауылдық елдi мекеннiң әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкiндiк бередi. Бұл, сондай-ақ, ауыл мен қала арасындағы, даму деңгейлерi әртүрлi ауылдық елдi мекендер арасындағы көшi-қон процесiне оң әсер етедi.

7 жыл iшiнде «кiшi урбанизация» процестерiн қамту және 2025 жылы халық саны 600 мың адамға өсiп, 6,1 млн адамға жететiн тiрек ауылдарда қолайлы өмiр сүру ортасын құру көзделген.

«2019 жылы бастапқы кезеңде бiз 52 облыс орталығын жаңғыртамыз, бұл 700 мыңға жуық адамеың немесе ауыл халқының 9%-ының тұрмыс сапасын жақсартады. 2025 жылға қарай барлық ауыл тұрғындарының 80%-ын өңiрлiк стандарттар жүйесiне сәйкес қажеттi игiлiктермен және қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.», — дедi Ж. Қасымбек.

Жүргiзiлiп жатқан шаралар ауылдық жерлердi дамытуға жаңа серпiн бередi және жалпы алғанда экономикаға оң әсер етедi.

https://primeminister.kz/kz/news/zasedanie-pravitelstva-rk/18350

   

Құрылған күні: 29.04.2019
Қаралым саны: 7968
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75