Жылдың қорытындысы жасалды және міндеттер белгіленді

Ақмола облысы әкiмiнiң төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның, құқықбұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi комиссиялардың отырыстары өткiзiлдi.

Терроризмге қарсы комиссияның отырысында Есiл және Шортанды аудандары әкiмдерiнiң, дiн iстерi басқармасы басшысының есептерi тыңдалды. Сонымен қатар, ТҚК 2018 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды, ақпараттық-түсiнiктеме беру жұмыстарын жақсартудың өзектi мәселелерi қарастырылды, терроризм мен дiни экстремизм пайда болуының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар жоспары белгiлендi.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi комиссия отырысының күн тәртiбiнде екi мәселе болды: жол-көлiк оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстардың жағдайы туралы, комиссияның 2018 жылғы жұмысының қорытындысы және келесi жылға арналған перспективалық мiндеттер туралы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi комиссияның отырысында Атбасар ауданында және облыстың бiлiм беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ескерту бойынша шаралар қарастырылды.

Отырыстардың қорытындылары бойынша комиссия мүшелерi тиiстi шешiмдер қабылдады.

Құрылған күні: 27.12.2018
Қаралым саны: 1779
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng