Облыс әкімдігінде су тасқынына дайындық, өрт профилактикасы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткiзiлген облыс әкiмдiгiнiң отырысында су тасқынын апатсыз өткiзу бойынша қолданылып жатқан шаралар қарастырылды.

Төтенше жағдайлар департаментiнiң басшысы Алексей Советов облыста жедел штаб, ауа райының болжауын жүргiзу үшiн 45 метеостанция, 29 гидробекет, 10 агрометеобекет жұмыс iстеп жатқаны туралы баяндады.

Су басу қаупi бар елдi мекендерде жазғы-күзгi маусымда өзен арналарын тазарту, бөгеттердi жөндеу, су өткiзу құбырларын орнату жұмыстары жүргiзiлген. 10 ауданда мұз кептелiстерiн жою үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу жоспарланып отыр. Облыс аумағында 93 гидротехникалық имарат бар, оның алтауын күрделi жөндеу жоспарланып отыр. Төтенше резервте және шұғыл шығындарға арналған резервте 1,2 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, тұрғын үй секторында өрттiң алдын алу мәселесi қарастырылды. 2019 жылдың өткен кезеңiнде өңiрде 149 өрт оқиғасы орын алып, 6 адам қаза тапты. Өрттердiң негiзгi себебi тұрғындардың тұрмыстық электр құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтамауы болып табылады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Мәлiк Мырзалин аудандар мен қалалардың әкiмдерiне мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып көктемгi су тасқынын апатсыз өткiзудi қамтамасыз етудi, тұрғындарды, тұрғын үйлер мен шаруашылық объектiлерiн қорғау бойынша су тасқынына қарсы iс-шараларды уақытында жүргiзудi, сондай-ақ тұрғындар арасында өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау туралы ақпараттық-үгiт жұмыстарын жүргiзудi тапсырды.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру бойынша облыс әкiмi аппаратының бөлiм басшысы Данагүл Жұмабек баяндады. 2018 жылы 3,7 млн. аса мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, соның iшiнде 84% — электрондық түрде. Әсiресе, халық арасында денсаулық сақтау саласында «дәрiгердiң қабылдауына жазылу» және «дәрiгердi үйге шақыру» цифрлық қызметтi алу кеңiнен тараған.

Өткен жылдан бастап балаларды мектепке қабылдау, мектепке дейiнгi ұйымдарға кезекке қою және қабылдау қызметтерi автоматтандырылды. Бұл мәселе бойынша облыс әкiмi мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнаманың нормалары бұзылуына жол бермеу бойынша барлық шараларды қолдануды, сондай-ақ өңiр тұрғындарының көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасына қанағаттану деңгейiн бағалау бойынша әлеуметтiк зерттеу жүргiзудi тапсырды.

Сонымен қатар, отырыста мемлекетiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2018 жылғы жұмысының қорытындысы тыңдалды.

  

Құрылған күні: 28.02.2019
Қаралым саны: 424
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng