Ақмола облысында ауыл шаруашылығы кооперациясының пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевқа өңiр аумағында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы кооперациясының моделi таныстырылды.

«Пилоттық жобаны ҚР Президентi алға қойған мiндеттердi жүзеге асыруға қатысу үшiн С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiнiң ғалымдары әзiрледi. Қатысушы ретiнде Ақмола облысы Ақкөл ауданының Азат ауылдық округi және оның маңындағы бiрнеше елдi мекендер таңдалды. Жобаның мәнi — ауылдық коммерциялық емес тұтынушылар кооперативiн құру, негiзгi мақсаты — халықтың жеке қосалқы шаруашылығынан мүйiздi iрi қара малды бордақылауды ұйымдастыру», — дедi жоғары оқу орнының бас сарапшысы Төлеухан Нұрқиянов.

Сарапшының айтуынша, Қазақстандағы мал басының 70% ауыл тұрғындарының қораларында ұсталады, олар кооперативке бiрiгудi пайдалы деп санамайды. ҚАТУ ғалымдары ауыл тұрғындарымен әрiптес болу үшiн iрi базалық шаруашылықтарды таңдауды, оларға жер және басқа да инфрақұрылымдар берудi ұсынады. Жобаны «Самрұк-Қазына» қолдап отыр, оны қаржыландыруға 112 млн теңге қарастырылған.

– Халықтан төлдер сатып алу үшiн бордақылау алаңдарына қомақты айналыс қаржылары қажет, ондай оларда жоқ, — деп түсiндiрдi Төлеухан Нұрқиянов. — Бiздiң жағдайымызда көп айналыс қаржысы қажет емес, ауыл шаруашылығы кооперативiнiң мүшелерi беру негiзiнде бордақылау контингентiн бордақылау алаңына жеткiзедi. Семiртiлген малды бұқаны сатқаннан кейiн орта есеппен 280 мың теңгеден алатын шаруа да ұтады, бұл бiрден сатып жiбергеннен қымбат. Бордақылау алаңдары өз шығындарын мемлекеттiк субсидиялар есебiнен қарастыратын болады.

Облыс әкiмi жобаны мақұлдап, бұл халықты жұмыспен қамту жолдарының бiрi екенiне назар аудартты. Облыс әкiмiнiң орынбасары Ғалымжан Әбдiхалықовқа осы пилоттық жобаны жүзеге асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн мiндеттердi айқындау тапсырылды. «Бiз үшiн ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, ауыл азаматтарының кiрiстерiн арттыру өте маңызды. Сiздер ұсынған жүйе жемiстi боларына сенiмдiмiн. Ең бастығы қажеттi кәсiпкерлiк объектiсi мен инвестор бар», — дедi Ермек Маржықпаев.

Сол күнi облыс әкiмi кеңес өткiздi, онда Көкшетау қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi талқыланды.

Құрылған күні: 08.08.2019
Қаралым саны: 1575
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус