Алғашқы «Aqmola Tourism Awards» өңірлік сыйлық әлемдік кино сыйлығының ең үздік дәстүрлерінде өтті

Бурабайда «Aqmola Tourism Awards» өңiрлiк сыйлығымен марапаттау рәсiмi алғаш рет өткiзiлдi, ол ендi жыл сайынғы оқиға болады. Сәндi киiнген қонақтар қызыл кiлем үстiнен өтiп, «Айнакөл» қонақ үйiнiң банкет залында жиналды.

Осы iс-шараның аясында журналистердiң арасында жарияланған «Ғажайып Бурабай» байқауының жеңiмпаздарына наградалар берiлдi. 5 аталым бойынша 3 жүлделi орындар және көрермендердiң таңдауы бойынша жүлделер журналистер мен блогерлердi жаңа жеңiстерге жетелейтiнi сөзсiз.

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин өзiнiң құттықтау сөзiнде: «Ақмола облысында туризмдi дамытуға көп көңiл бөлiнедi. Елбасы бiздiң алдымызға күрделi мәселелер қойды. Бiз оларды шешуге бар күш-жiгерiмiздi саламыз. Бұл мәселеде бiзге сiздер, туристiк бизнес пен БАҚ өкiлдерi көмек көрсетесiздер. Сiздердiң арқаңызда, сапалы қызмет көрсету нәтижесiнде жыл сайын туристер бiздiң өңiрге көптеп келуде» — деп атап өттi.

Салтанатты түрде үздiк туристiк компаниялар, орналастыру объектiлерi, санаториялы-курорттық мекемелер, туристiк кешендер, гид-экскурсоводтар, сондай-ақ БАҚ-тардағы және әлеуметтiк желiлердегi Қазақстанның iнжу мәржаны — Бурабай туралы жақсы материалдардың авторлары «Aqmola Tourism Awards» алғашқы өңiрлiк сыйлықтың бағалы сыйлықтарымен және статуэткаларымен марапатталды.

      

Құрылған күні: 25.11.2018
Қаралым саны: 595
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng