Ақмола облысының партия активі «Nur Otan» партиясы XVIII съезінің қорытындыларын талқылады

Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкiмi, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мәлiк Мырзалиннiң төрағалық етуiмен партия активiнiң жиналысы өттi. Күн тәртiбiнде — Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның кезектi XVIII съезiнде айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелерi.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Президенттiң тапсырмасы бойынша әзiрленген «Онжылдық перспективалары: ұлттық жаңа игiлiгi» партия бағдарламасы қоғам мен мемлекетiмiздiң алдағы он жылдықта дамуының негiзгi бағыттарын айқындайтынын атап өттi.

Аз қамтылған отбасыларды, көпбалалы аналарды және мүмкiншiлiктерi шектеулi балаларын тәрбиелейтiн аналарды жалпы республикалық қолдау туралы жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина нақтылы баяндап бердi. «Облыста 2700-ден астам аз қамтылған, 14,2 мың көпбалалы отбасы тұрады. Азаматтардың кiрiстерiн арттыру және өмiр сүру сапасын жақсарту мақсатында, қазiргi уақытта аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды атаулы әлеуметтiк көмекпен қамтуды кеңейту бойынша есептеулерi аяқталып келедi. Ағымдағы жылғы 1 шiлдеден бастап, АӘК тағайындау жөнiндегi жаңа өлшемдер заңды күшiне енедi. Атап айтқанда, бұған дейiн Астрахан ауылындағы 8 адамнан тұратын Жүсiповтер отбасына 33 640 теңге сомасында атаулы-әлеуметтiк көмек тағайындалған болса, ендi жаңа ереже бойынша тағайындау 155 000 теңгеден астам соманы құрайтын болады», — деп хабарлады Ш. Рахматуллина.

Ағымдағы жылы облыс бюджетi шығындарының 47% астамы әлеуметтiк салаға қарастырылғанын атап өту қажет, ол шамамен 120 млрд теңге. Сонымен қатар, облыста шығындарды оңтайландыру есебiнен ағымдағы жылғы мамырдан бастап шамамен 700 млн теңге аз қамтылғандарды, соның iшiнде көпбалалы отбасыларды қолдауға қосымша бағытталатын болады.

Алты баланың анасы, табысты кәсiпкер Ғалия Алдабергенова киiм тiгу қызмет саласында өз бизнесiн қалай бастағаны туралы айтып бердi. Бүгiнгi таңда, «Ақай» ательесi жеке тапсырыстармен шектелiп қоймайды. Оның қызметкерлерi музыканттар мен театр актерлерi үшiн сахна киiмдерiн, түрлi қызмет саласының қызметкерлерi үшiн арнайы киiм тiге отырып, өңiрдiң мәдени және қоғамдық өмiрiне белсендi қатысады. Көпбалалы аналар ұжымның басым бөлiгiн құрайтынын атап өту керек, олар жұмыспен қамту орталықтарының жолдауы бойынша жұмысқа орналасқандар. «Бiз өткен жылы Сән үйiнiң құрылысын аяқтадық, ғимараттың ауданы шамамен бес жүз шаршы метрдi құрайды. Болашақта — цех, мата дүкенiн және оқу шеберханасын ашу бар» — деп атап өттi. Атап айтқанда, Ғалия Алдабергенова, өзiнiң кәсiбiн жетiлдiрiп, жаңа жұмыс орындарын аша отырып, Елбасының «Жерлестерге тамаша мүмкiндiк — әдемi көрiну» негiзгi бастамасының бiрiн жүзеге асыруда.

Съез делегаты, «SAMHAT» ЖШС аяқ киiм фабрикасының бас директоры Самал Тiлеубаева өзiнiң кәсiпорны мысалында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесiнiң қалай шешiлiп жатқанын әңгiмелеп бердi. Кәсiпорын 10 жыл бойы заманауи, сапалы және ең бастысы — қымбат емес аяқ киiм тiгедi. «Менiң ұсынысым бар: жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын ауылда салып, дамыту қажет, себебi ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге болады. Келiсiмдi төлемақы бойынша көпбалалы және жалғызбасты аналар үшiн үйлесiмдi жұмыс кестесiн қарастыру мүмкiндiгi бар. Бүгiнгi таңда, бiз ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етемiз, 100-ден астам жұмыс орнын ұсынамыз»,– деп мақтанышпен атап өттi Самал Тiлеубаева.

Жиналысты қорытындылай келе, Мәлiк Мырзалин «Елбасы тапсырмаларының аясында облыстың аудандары мен қалаларында, әкiмдiктерде, жұмыспен қамту орталықтарында көптеген әйелдер қабылданды, оларды мұқият тыңдап шықтық және олардың ұсыныстарын ескердiк. Арнайы құрылған штабтарда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша тиiстi жұмыс жүргiзiлдi.

Атап айтқанда, шамамен 13 мың бала тегiн ыстық тамақпен қамтылды, мектеп формасымен, оқулықтармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етiлдi. Аудан орталықтары мен қалаларда қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүрумен 6900 бала мен ана қамтылды. Күн көрiс шегiнен төмен кiрiстерiмен отбасыға бiржолғы көмек 1150 отбасыға берiлетiн болады. 2000 отбасыға түтiн мен газды анықтайтын автономды құрал орнатылады» — деп атап өттi.

Құрылған күні: 06.03.2019
Қаралым саны: 264
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng