Қазақстан Президенті Есіл өзені арқылы өтетін велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді аралап көрді

Мемлекет басшысы көпiрдiң техникалық-пайдаланушылық сипаттамаларымен танысты.

Атырау облысының әкiмi Н.Ноғаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көпiрдiң саябақ аймағындағы жаяу жүргiншiлер легi мен велосипед желiсiн Есiл өзенiнiң оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.

– Егер көпiрге жоғарыдан қарайтын болсақ, оның пiшiнi Атырау облысының символы саналатын балыққа ұқсайтынын көруге болады, — дедi облыс әкiмi.

Қазақстан Президентi жаңа көпiр Атырау облысының лайықты тартуы екенiн және оның елорда тұрғындары мен қонақтарына ұзақ жылдар бойы қызмет ететiнiн атап өттi.

– Астаналықтар бұл нысандарды дайындауға атсалысқан барлық өңiрлерiмiзге алғыс айтуға тиiс. Бас қаланы бүкiл ел болып тұрғыздық және бүкiл ел қуанышқа кенелуi керек, — дедi Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкiмi Ә.Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын велосипед көлiгiнiң инфрақұрылым нысандарын таныстырды. Велосипед жолы Есiл өзенiнiң бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенiнiң нысандары арқылы өтедi. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жолдар мен Ильинка кентiнен «жасыл белдеу» арқылы өтетiн велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдерi және велосипед қоятын орындары бар, wi-fi және телефонды қуаттандыру мүмкiндiгi қарастырылған «ақылды инфрақұрылыммен» жабдықталған.

Шара соңында ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында Атырау облысы филармониясының өнер ұжымы ұйымдастырған «Ұлы дала жүрегi — Астанама» атты театрландырылған концерттiк бағдарлама көрсетiлдi.

Көпiрдiң дизайны сәулет өнерiнiң әлемдiк үрдiсiне сәйкес келедi. Оның сырт келбетi заманауи үлгiге сай, ал жаяу жүргiншiлерге арналған iшкi жағы жарық пен көлеңкенiң қызықты көрiнiсiн бейнелейдi.

Нысанның жалпы ұзындығы — 313,5 метр, енi — 10,5 метр. Көпiрде жаяу жүргiншiлерге арналған алты метрлiк жолақ, велосипедшiлерге арналған үш метрлiк жолақ, сондай-ақ енi 0,5 метр болатын қауiпсiздiк жолағы және 0,5 метрлiк шарбақты қоршауға арналған екi жолақ бар. Көпiр жабындысы үшiн литакрил пайдаланылған. Бұл нысан ауа райы жағдайы ескерiле отырып салынған. Оны жобалағанда желдiң әсерi де есепке алынған. Салмағы — 1920 тонна.

Велосипедшiлер мен жаяу жүргiншiлерге арналған көпiрдi және велосипед инфрақұрылымын «Өңiрлердiң Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркiстан, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкiмдiктерi тұрғызды. 

  

Құрылған күні: 01.07.2018
Қаралым саны: 1117

Қаз Рус Eng