Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Құрметтi ардагерлер!

Сiздердi шын жүректен халықаралық Қарттар күнiмен құттықтаймын!

Бiздiң баршамызға бұл мереке мемлекетiмiздiң алтын қоры болып табылатын аға ұрпаққа өзiмiздiң терең құрмет сезiмiмiз бен алғысымызды бiлдiруге тағы бiр қолайлы мүмкiндiк туғызып отыр. Сiздердiң азаматтық патриотизмге толы өнегелi өнер жолдарыңызға, асқан шыдамдылықтарыңыз бен болашаққа шексiз сенiмдерiңiзге, елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына, сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеу iсiне қосқан баға жеткiзгiсiз үлестерiңiзге зор ризашылығымызды бiлдiремiн.

Бүгiнгi таңда Ақмола облысында 100 мыңнан астам зейнеткер, соның iшiнде, 6 мыңнан астам тыл еңбеккерi, 99 Ұлы Отан соғысының ардагерi өмiр сүрiп жатыр. Жастардың бастамасымен қатар, үлкендердiң өмiр тәжiрибесi қажет болатын қазiргi жағдайда осы ардагерлердiң бiлiмдерi, ақыл-парасаты мен бай iс-тәжiрибелерiнiң маңызы ерекше.

Бүгiнгiдей айтулы күнi сiздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, өмiрдiң бар жақсылығы мен бақыт тiлеймiн. Сiздердiң өмiрлерiңiз тек қана қуанышты, жарқын оқиғаларға, өздерiңiздiң айналаңыздағы адамдардың, сiздердi сүйетiн және қамқор болатын балаларыңыз бен немерелерiңiздiң, достарыңыздың жылы iлтипатына толы болсын.

Құрылған күні: 02.10.2017
Қаралым саны: 1463

Қаз Рус Eng