Көкшетау қаласында биіктігі он бір метр домбра орнатылды

Астанамыз Нұрсұлтан қаласының туған күнiнде Көкшетауда екi маңызды iс-шара өткiзiлдi. Олар — домбраға ескерткiштiң ашылуы және жаңа автобустардың тұсаукесерi.

Елiмiздегi ең биiк он бiр метрлiк музыкалық аспап ендi Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драмалық театрының алдындағы алаңды көркейтiп тұр. Ескерткiштi қалаға меценаттар сыйлады. Авторы белгiлi мүсiншi, суретшi Манарбек Бұрмағанов болып табылады.

«Домбраның ел тарихына қосқан елеулi үлесiн жоғары бағалап, оның бiздiң санамызды рухани жаңғыртудағы маңызын ескере отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбра күнiн белгiледi. Осы мереке қарсаңында Ақмола облысында, оған үн қосқан ұлы ақындарымыз Бiржан сал, Ақан серi, Үкiлi Ыбырай, Балуан Шолақтың қайталанбас туындылары пайда болған ұлттық музыка өнерiнiң бесiгiнде домбраға ескеркiш орнатылуының терең мәнi бар», — дедi құттықтау сөзiнде облыс әкiмi Ермек Маржықпаев.

Астана күнiне ақмолалықтар тағы да бiр сыйлық тарту еттi. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Көкшетау — Нұр-Сұлтан» автожолының бойында ұлы тарихи тұлғалар Ақан серiге, Бiржан салға, Кенасары ханға, Үкiлi Ыбырай мен Балуан Шолаққа ескерткiштер орнатылды.

Сонымен қатар, бүгiн облыс орталығының Абылайхан алаңында 31 маршруттық автобустың тұсаукесерi өткiзiлдi. Екiншi партияда 13 автобус Көкшетауға ағымдағы жылғы қарашаның басында жеткiзiледi. Жақын перспективада қоғамдық көлiктi 100% жаңарту жоспарланып отыр. Ағымдағы жылғы маусымда электрондық билет беру жүйесi тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлдi.

Қоғамдық көлiктi жаңғырту үшiн мемлекеттiк-жекешiлiк әрiптестiк шеңберiнде 1,5 млрд. теңге бағытталды. Облыс орталығында барлығы 180 маршруттық автобус жұмыс iстейдi, оның 90 пайызының пайдалану мерзiмi 7 жылдан асқан.

Салтанатты iс-шаралар мерекелiк концертпен аяқталды.

Құрылған күні: 06.07.2019
Қаралым саны: 225
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус