Тұрғын үй құрылысы және қысқы маусымда автомобиль жолдарын күтіп ұстау мәселелері талқыланды

Бүгiн әкiмдiктiң Ақмола облысы әкiмiнiң төрағалығымен өткен отырысында тұрғын үй құрылысы және қысқы маусымда автомобиль жолдарын күтiп ұстау бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы мәселелер қарастырылды.

Құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкiровтiң ақпараты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында тұрғын үй құрылысына инвестициялар 11 айда 48% өстi. 445 мың кв. м. тұрғын үй немесе 4320 пәтер пайдалануға берiлдi. Есептiк кезеңде 8 жалға берiлетiн және 3 кредиттiк көппәтерлi тұрғын үйлер пайдалануға берiлдi. Жылдың қорытындысы бойынша облыста барлығы 4 500-ден астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартады. 2019 жылы 500 мың кв.метрден аса тұрғын үйдi немесе 5 мыңнан аса пәтердi пайдалану беру жоспарланып отыр. Одан әрi жыл сайынғы өсiм 380-400 пәтер құрайтын болады.

Жеке тұрғын үй құрылысын салуды дамыту шеңберiнде 431 жер учаскесi инженерлiк коммуникациялармен қамтамасыз етiлдi. 2021 жылға дейiн су құбырлары желiсi және электрмен жабдықтау желiлерi 5 мыңнан аса жер учаскелерiне тартылады.

Өңiрде «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруды талдаудың қорытындысы бойынша өңiр басшысы аудандар мен қалалардың әкiмдерiне халық үшiн қол жетiмдi және жайлы тұрғын үйдiң құрылысын салу бойынша жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпеудi тапсырды.

Күн тәртiбiнiң екiншi мәселесi бойынша жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Мұратұлы ақпарат бердi. Баяндамашының айтуынша, қысқы маусымның басталуына дейiн қиыршық тас төселген жолдар тегiстелдi, жол белгiлерi орнатылды, жылытылатын орынжайлар, гараждар, техникалар тәртiпке келтiрiлдi және басқа да жұмыстар жүргiзiлдi.

Ақпаратты тыңдап, Мәлiк Мырзалин аудандар мен қалалардың әкiмдерiне, тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына автокөлiк құралдарының қауiпсiз және тоқтаусыз жүрiсiн қамтамасыз ету бойынша қажеттi шаралар қолдануды тапсырды.

Құрылған күні: 27.12.2018
Қаралым саны: 987
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng