Азаматтардың өтініштері бақылауға алынды

Бүгiн, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар Аграрлы университеттiң 2-курсында оқитын студентке облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысын алуға, қолданыстағы ғимараттың апатты жағдайда болуына байланысты «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ облыстық филиалына үй-жай беруде, Ақмола облыстық филармониясының солисi Валерия Болиеваға шығармашылық жобасын iске асыруда көмек көрсетудi сұрады.

Сондай-ақ, өңiр басшысы табиғи монополия субъектiлерiнiң тариф қалыптастыруының ашықтығын қамтамасыз ету, сонымен қатар облыс аумағында экологиялық таза құрылыс-өңдеу материалдарын iске асыру бойынша бiрқатар ұсыныстарды тыңдады.

Мәлiк Мырзалин әрбiр өтiнiштiң бақылауға алынатынын және қолданыстағы заңнаманың аясында шешiлетiндiгiн түсiндiрдi.

Құрылған күні: 05.09.2018
Қаралым саны: 846
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng