Ақмола облысында тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі а.ж. 9 айында 35% өсті

2019 жылы өңiрде жалпы ауданы 500 мың кв. м. 4,5 мың пәтер салынады. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына инвестиция көлемi а.ж. 9 айында 35% өстi. 394 мың кв. м. тұрғын үй немесе 3800 пәтер тапсырылды», — дедi Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Орталық коммуникациялар қызметiнде 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына арналған баспасөз-конференциясында. Өңiр басшысы 2019 жылы 500 мың кв. м. тұрғын үй құрайтын 4,5 мың пәтер тапсырылатынын хабарлады. «Одан әрi жыл сайынғы өсiм 380-400 пәтер құрайтын болады», — дедi Мәлiк Мырзалин. Айта кетерлiгi Жастар жылы — 2019 жылы облыста «Ақмола жастары» бағдарламасы бастама алады. Өңiрде 150 мыңға жуық жастар тұрады, ол жалпы облыс халқының 30 пайызын құрайды. «Бағдарлама шеңберiнде Көкшетауда 4 тұрғын үй салынады және 400 жас жанұя өз тұрғын үйiмен қамтамасыз етiледi», — дедi әкiм. Сонымен қатар, Бес әлеуметтiк бастаманы жүзеге асыру шеңберiнде студенттерге арналған алты жатақхана құрылысын салу жоспарланып отыр.

Құрылған күні: 02.11.2018
Қаралым саны: 864
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng