Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нысанды іске қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада жалпыұлттық телекөпiр басталды. Аталмыш шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. ЕХРО Конгресс-орталығындағы шара «Индустрияландырудың екiншi бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атауымен өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Айта кетейiк, Индустрияландырудың екiншi бесжылдығының төртiншi жылы аяқталуға жақын. Биыл жалпы құны 1,2 триллион теңге болатын жүзден астам нысан iске қосылып, 13 мың жұмыс орны ашылды. Елiмiздегi индустриалды серпiннiң арқасында халықтың өмiр сүру сапасы артты. Жаңа жұмыс орындары, заманауи инфрақұрылым, цифрлық қызметтер мен сервистер ашылды. Қазiргi уақытта Астанамен бүгiн iске қосылатын барлық индустриялық жобалардың 7 мың жұмысшысы тiкелей байланысқа шыққан. Жалпы бүгiнгi телекөпiрге елiмiздiң барлық аумағынан 28 кәсiпорын қосылады деп күтiлуде.

Бұдан басқа, ҚР Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздiк тауарлары» республикалық көрме-конкурсының, «Парыз-2018» бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау шарасы да өтедi. Шараға мемлекеттiк органдар, ұлттық компаниялардың басшылары, әкiмдер, ҚР Парламент депутаттары, «Атамекен» ҚР ҰКП өкiлдерi, саяси партиялардың жетекшiлерi, қоғамдық бiрлестiк өкiлдерi, iрi өнеркәсiп кәсiпорындарының басшылары, өткен жылғы конкурстардың лауреаттары, 2018 жылғы сыйлықтардың номинанттары мен лауреаттары қатысуда.

    

Құрылған күні: 11.12.2018
Қаралым саны: 1333
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75