Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Біз еліміздің сұлу табиғаты туралы жиі айта бермейміз - ҚР Президенті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев отандық курортты аймақтардың келешегi туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. «Бурабай курорты демалуға келген туристердiң арқасында тұрғындарға табыс, мемлекетке пайда әкелетiн болады», — дедi Мемлекет басшысы Щучинскiде жаңадан ашылған шаңғы базасын аралап көргеннен кейiн. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстандағы өзге туристiк аймақтар мен олардың перспективалары туралы өзiнiң ойымен бөлiстi. "Бурабайдан кейiн Имантау-Шалқар курортты аймақтары бар. Павлодар облысында Баянауыл курортының әлеуетi зор. Түркiстан ерекше маңызға ие. Қаланы тез арада дамытып салатын боламыз. Ол жерде жақсы туристiк орталық қалыптастырумыз керек. Туризм Түркiстанда қазiрдiң өзiнде бар. Әр жыл сайын оған 1,5 млн-ға жуық туристер келедi", — деп атап өттi Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы Алматыдағы тау-шаңғысы курорты және Шарын шатқалы туралы айтты. «Егер бiз инфрақұрылымды салатын болсақ, бұл санды ұлғайтуға болады. Алматы облысында тау-шаңғысы курорты туралы айтып отырмыз. Оны алдағы уақытта дамыту қажет. Бұл жөнiнде жоспар да, идея да бар. Шарын шатқалын елiмiзде бiлмейтiн адам кемде кем. Тiптi шетелдiктердiң өзi оны Солтүстiк Америкадағы атақты шатқалмен салыстырады. Бiз елiмiздiң сұлу табиғаты туралы жиi айта бермеймiз. Сондықтан, мұны мықтап қолға алу қажет», — дедi Елбасы.

Дата публикации: 11.07.2018
Количество просмотров: 709
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;