Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Қазақстанның зерттелмеген інжуінің жаңа туризм объектілері

Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдық мерейтойының қарсаңында Зерендi ауылында өңiр басшысы Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен жаңа туризм объектiсi — «Zerenda Park» қонақ үй кешенiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi.

Зерендi ауданының табиғи саябағы Ақмола облысының облыс орталығынан 50 шақырымдық жерде орналасқан. Бұл шипалы ауа мен көгiлдiр көлдер, шексiз орман, таңғажайып шақталдар, арналар мен бұлақтар өңiрi жылдан жылға Қазақстанның барлық өңiрлерiнен және шетелдерден туристердiң назарын өзiне аударуда.

Жыл сайын курорттық аймақтың инфрақұрылымы жақсарып келедi, жаңа қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлерi мен базалары бой көтеруде. Биынғы жылдың өзiнде қонақ үй нарығы үш жаңа туризм объектiсiмен толықты.

Соның бiрi — заманауи 2 қабатты «Zerenda Park» қонақ үй кешенi бүгiн таңғажайып Зерендi аймағында демалуға ниет бiлдiргендер үшiн өз есiктерiн айқара ашты. Объект көл жағасында салынды, онда демалушыларға спорт, футбол және балалар алаңдары, мангал мен жайдақ кереует, 5 жазғы ағаштан салынған үйшiк пен 60 орынға есептелген асхана ұсынылады.

Алдағы уақытта демалу базасында техникалық спорт түрлерiнен кешен, ашық тәулiк бойғы «Ыстық бұлақ көзi» жасанды бассейн құру жоспарлануда. Қонақ үй кешенiнiң саябақ аймағында бақша ашу жоспарда бар, оның алғашқы ағашын бүгiн облыс әкiмi отырғызды.

Сонымен қатар, Мәлiк Мырзалин жаңа көп пәтерлi тұрғын үй құрылысының орнында болды, онда дайындық жұмыстары жүргiзiлуде. Оның құрылысы Астана мерейтойының қарсаңында басталып, ағымдағы жылдың соңында аяқталатын болады.

     

Дата публикации: 05.07.2018
Количество просмотров: 580
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;