Мемлекеттік қызметшілер жеңілдікпен баспана алады - Алик Шпекбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанның мемлекеттiк қызметшiлерiне баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңiрлердегi сауықтыруда жеңiлдiктер беру шаралары әзiрленiп жатыр. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi кадрларды оңтайландырады Қостанайда 6 мемқызметшi демалыс кезiнде еркiнен тыс жұмысқа шыққан Қырымбек Көшербаевқа «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағы табыс етiлдi Бұл туралы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы Алик Шпекбаев мәлiм еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. "Қазiргi уақытта агенттiк Президент әкiмшiлiгiнiң қолдауымен мемлекеттiк қызметшiлерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңiрлердегi сауықтыруға жағдай жасау үшiн жеңiлдiктер беру шараларын әзiрлеп жатыр. Мемлекет басшысының бес әлеуметтiк бастамасы, "7-20-25" бағдарламасы бар. Дегенмен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiмен бiрлесiп, пайыздық мөлшерлеменi төмендетуге бағытталған «5-5-25» бағдарламасы жасалуда. Менiң ойымша, бұл тәсiлдер мемлекеттiк қызмет үшiн қолайлы болады", — дедi Алик Шпекбаев Астанада мемлекеттiк қызметтi жетiлдiруге арналған халықаралық конференцияда.

Бұған дейiн Алик Шпекбаев 2019 жылдан бастап, мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысы жаңа жүйемен төленетiнiн, еңбекақының едәуiр ұлғаятынын хабарлаған едi.

 

Құрылған күні: 08.06.2018
Қаралым саны: 1246

Қаз Рус Eng