Облыс әкімдігінде мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері талқыланды

Бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте мемлекеттiк сатып алу және «Ақмола — адалдық алаңы» жобалық офисiнiң қызметi мәселелерi қарастырылды.

Мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасының басшысы Мұрат Рахымбергеновтiң ақпараты бойынша 2018 жылы Ақмола облысында 275 мың сатып алу өткiзiлдi.

Қазақстандық тауар өндiрушiлердi, жұмыстар мен қызметтердi қолдау мақсатында мемлекеттiк сектордың сатып алуында «Жергiлiк қамтылым үлесi» көрсеткiшi жыл сайын өсiп отырғаны байқалады. Атап айтқанда, сатып алудың жалпы көлемiндегi жергiлiктi қамталым үлесi 2017 жылы 85%, 2018 жылы — 87% құрады.

Жыл басынан берi мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруар күшiне ендi. Мысалы, жұмыстар мен қызметтердi бiр көзден сатып алудың шектi соммасы 100 АЕК-ден 500 АЕК-ке дейiн өстi. Бағалық ұсыныстарды сұрату әдiсiмен сатып алуда жеткiзушiлерге фирмалық тауарлардың атауын көрсету құқығы берiледi. Аудандарда кейбiр бiртектес тауарларды сатып алуға бiрыңғай ұстанымды қолдану мақсатында бiр ұйымдастырушымен жүзеге асырылатын болады.

«Ақмола — адалдық алаңы» жобалық офисiнiң басшысы Ерлаз Жайықбаев өз сөзiнде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою және азаматтардың мемлекеттiк органдарға жүгiнулерi кезiнде қолайлы жағдайлар жасау бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жобалық офис өз қызметiне қоғамдық пiкiрлердiң көшбасшыларын, үкiметтiк емес ұйымдардың, жастардың, этномәдени бiрлестiктер мен партиялардың белсендiлерiн, депутаттарды, бұқаралық ақпарат құралдарының және бизнес-қауымдастықтардың өкiлдерiн тартады. Халыққа есеп беру кездесулерiнiң, интернет-конференциялардың, азаматтарға сауалнама жүргiзулердiң қорытындары бойынша жобалық офис қызмет көрсету жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.

Мысалы, бiлiм беру саласында бiлiм беру мекемелерiн smart-форматқа көшiру, қағаз құжат айналымынан бас тарту және бизнес-рәсiмдердi автоматтандыру бойынша ұсынымдар оң қолдау тапты.

Талқыланған мәселелер бойынша облыс әкiмi тиiстi тапсырмалар бердi.

 

Құрылған күні: 04.03.2019
Қаралым саны: 433
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус