Ақмола облысы әкімінің аппаратында жаңа тағайындау

Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiмен Марзият Юсуповна Тохаева Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi болып тағайындалды.

Марзият Тохаева, 1960 жылы туған, Ақмола облысы Степняк қ. тумасы. Көкшетау университетiн бiтiрген. 20 жылдан аса мемлекеттiк қызмет өтiлi бар.

Әр жылдары Көкшетау қалалық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнде, Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында, Ақмола облыстық қаржы басқармасында жауапты лауазымдарда жұмыс iстедi.

2005-2015 жылдары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi, облыс әкiмi аппараты iшкi саяси ахуалды талдау және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң меңгерушiсi болып iстедi.

2015-2018 жылдары Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Құрылған күні: 11.02.2019
Қаралым саны: 868
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус