Ақмола облысында жаңа тағайындау

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин аппараттық кеңесте ҚР Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетi Ақмола облысы бойынша департаментiнiң жаңа басшысын таныстырды. Ұлттық экономика министрiнiң бұйрығымен оған Нұрлан Бақытжанұлы Жалғасбаев тағайындалды.

Нұрлан Жалғасбаев, 1980 жылы туған. Сулейман Демирель атындағы университеттi және ҚазМЗУ-дi бiтiрген.

2008-2012 жылдары ҚР Бәсекелестiктi қорғау анегттiгiнiң Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша өңiраралық инспекциясында жұмыс iстедi.

Осы тағайындауға дейiн Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Қостанай облысы бойынша департаментi басшының орынбасары лауазымын атқарды.

Құрылған күні: 01.02.2019
Қаралым саны: 540
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус