Ақмола облысының Жақсы ауданына әкім тағайындалды

2018 жылы 10 мамырда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Жақсы ауданында аудан активiне жаңа әкiмдi таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмi бойынша аудан әкiмi болып Бауыржан Бағдатұлы Малғаждаров тағайындалды.

Бауыржан Малғаждаров, 1977 жылы туған, Көкшетау облысы Чкалов ауданының тумасы. Ол Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн инженер-экономист мамандығы, «Фемида» заң институтын заңгер мамандығы және Гуманитарлық-техникалық академияны экономика және бизнес магистрi дәрежесiмен бiтiрген.

Еңбек жолын 1999 жылы Ақмола облысы экономика басқармасының жетекшi маманы болып бастаған. Осы басқармада әр жылдары бөлiм бастығы, бастықтың орынбасары, 2008-2009 жылдары Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болып iстедi.

Осы тағайындауға дейiн Ақмола облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы болып iстедi.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Бауыржан Малғаждаров пен аудан активiнiң алдына бiрқатар мiндеттер жүктедi.

 

Құрылған күні: 10.05.2018
Қаралым саны: 2761

Қаз Рус Eng