Ерейментау ауданының әкімі тағайындалды

Бүгiн өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Ерейментау ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң ағымдағы жылғы 9 сәуiрдегi өкiмiмен Абай Еламанұлы Әлжанов аудан әкiмi болып тағайындалды.

Абай Әлжанов, 1965 жылы туған, Ерейментау ауданының тумасы. Бiлiмi жоғары. 2010 жылы Көкшетау университетiн қаржы бакалавры мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 1983 жылы Селетi ауданы Фрунзе атындағы кеңшардың жүргiзушiсi болып бастаған.

1996-2012 жылдары Ерейментау ауданы «Ырыс» ЖШС-нiң директоры болып iстедi.

2012-2014 жылдары — Торғай ауылдық округiнiң әкiмi.

2014 жылдың маусымынан берi Ерейментау ауданы әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды.

Құрылған күні: 09.04.2019
Қаралым саны: 489
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус