Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі тағайындалды

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында жаңа әкiмдi таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша оған Әсет Азаматұлы Мұздыбаев тағайындалды.

Әсет Мұздыбаев, 1972 жылы туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн инженер-механик мамандығы бойынша және Көкшетау университетiн қаржы бакалавры мамандығы бойынша бiтiрген.

1992-2005 жылдары коммерциялық құрылымдарда iстедi. 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы «Казстройсистема» АҚ менеджерi, бөлiм басшысы, құрылыс компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы «Мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы» РММ инженерлiк-техникалық бөлiмiнiң бастығы болып iстедi.

2012-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламентi Шаруашылық басқармасы өндiрiстiк инфрақұрылым басқармасының бастығы. 2014 жылдан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейiн ҚР ПIБ «Қараөткел» РМК директорының орынбасары болып iстедi.

Осы тағайындауға дейiн Аршалы ауданы әкiмiнiң орынбасары болып iстедi.

Құрылған күні: 14.08.2019
Қаралым саны: 2058
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус