Аппараттық кеңесте өңірдегі фитосанитарлық және ветеринарлық ахуал мәселелері қаралды

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету бойынша жоспарланған iс-шаралар талқыланды.

ҚР АШМ АӨК облыстық аумақтық мемлекеттiк инспекцияның басшысы Сұлтан Қасеновтiң ақпараты бойынша 1,2 млн.га астам аумақта топырақты итальян прусы, азия шегiрткесi, колорад қоңызы, гессенск шыбыны, сұр астық көбелегi, саршұнақ, тышқан тәрiздестер сияқты зиянды және аса қауiптi зиянды ағзаларға, сондай-ақ астық дақылдарының аурулары — септориозға, татыға қарсы химиялық өңдеу жүргiзiлетiн болады.

Осы өңдеулердi өткiзуге 44 бүрiккiш техника, оның iшiнде: атомайзерлi бүрiккiш (УМО) — 1, жерүстi бүрiккiшi — 1 және 42 аэрозольды генератор тартылатын болады.

Сондай-ақ, облыс аумағында 3 карантин объектiсi тiркелдi: жорғалағыш укекiре, танаптық арам шырмауық және теңсiз жiбек көбелек. Олардың iшiнен барынша зияндысы жорғалағыш укекiре (қызғылт). Қазiргi уақытта, мемлекеттiк инспекторлар өсiмдiктер карантинi бойынша шаруашылық субъектiлерiне оның ошақтарын оқшаулау және жою үшiн 285 ұйғарым бердi. Жалпы, 2011 жылдан берi жорғалағыш укекiре таралу ауданының 11 мың гектардан 5,4 мың га дейiн азаю үрдiсi байқалады.

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдерiне өсiмдiктердi зиянды және аса қауiптi зиянды ағзалардан қорғауға бағытталған iс-шаралар кешенiн сапалы және уақытында өткiзу бойынша қажеттi шара қолдануды тапсырды.

Өңiрдегi эпизоотикалық ахуал туралы ветеринария басқармасының басшысы Базарбай Булашев баяндап бердi.

2017-2019 жылдары жүргiзiлген диагностикалық зерттеулердiң мәлiметтерiн талдау, IҚМ мен ҰМ бруцеллезбен ауруларының тиiсiнше 0,3% және 0,17% төмендегенiн растайды.

2017 жылы малды бруцеллезден сауықтыру 11, 2018 жылы алты қолайсыз елдi мекенде жүргiзiлдi, ағымдағы жылы мұндай пункттер тiркелген жоқ.

2019 жылға барша қабылдағыш малды вакцинациялау жоспарланды. Ол шамамен 416 мың IҚМ басы. Бүгiнгi таңда, 412 мың мал басы вакцинацияланды.

Кеңестiң қорытындысы бойынша өңiр басшысы ветеринария басқармасына аудандар мен қалалардың әкiмдерiмен бiрлесiп, 2019 жылға жоспарланған диагностикалық, алдын алу және сауықтыру iс-шараларының көлемдерiн уақытында аяқтауды қамтамасыз етудi тапсырды.

 

Құрылған күні: 01.07.2019
Қаралым саны: 293
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус