Аппараттық кеңесте «Ақылды қала» және ТҮКШ мәселелері талқыланды

Бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа Қазақстандағы тұңғыш «ақылды қала» — «Smart Aqkol» жобасы таныстырылған Ақкөл ауданына жұмыс сапарының қорытындысы қарастырылды.

«Президент «Smart city — ақылды қала» заманауи технологияларын енгiзу пилоттық жобасына оң баға бердi, цифрландыру саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар ең алдымен тұрмыстың сапасын арттыруға, азаматтар үшiн жайлы және қауiпсiз орта құруға бағытталғанына баса назар аударды», — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Марат Иғалиевтiң айтуынша, Smart Aqkol — бұл ТМД аумағында теңдесi жоқ шешiм. Зияткерлiк жүйенiң негiзгi терезесi қаланың 18 қабаттан тұратын, барлық сәулеттiк объектiлерi, инженерлiк инфрақұрылымы, сенсорлары көрсетiлген цифрландырылған карта болып табылады. Жоба қаланың негiзгi өмiр сүру салаларын: денсаулық сақтауды, бiлiм беру, ТҮКШ, қауiпсiздiктi цифрландыруды қамтамасыз ететiн бiрнеше инновациялық шешiмдер кешенiнен тұрады. Объектiлер мен жағдайлардың бақылауы мен мониторингiн автоматты режимде қамтамасыз ететiн жедел әрекет ету қызметi құрылды. Жобаны жүзеге асыру өңiр бюджетi үшiн айтарлықтай экономикалық ықпал етудi қамтамасыз етедi.

Ақкөл — барлық коммуналдық қызметтердiң тұтынушылары толық цифрландырылған бiрiншi қала. Мұнда барлық пәтерлер мен жеке үйлердегi су және электр есептегiш құралдары «ақылдыға» ауыстырылған. Энергия тиiмдiлiгi шеңберiнде қалада 100 километрден аса ескi электрокабельдер ауыстырылды, көшенiң жарықтылығына байланысты жұмыс iстейтiн, ал түнгi уақытта автоматты түрде тұтынуды 10% азайтатын және қашықтықтан басқарылатын 250 көше шамдары орнатылды.

Бейнеталдаумен қатар, Smart Aqkol жүйесiнiң басқа талдамалық мүмкiндiктерi бар, соның iшiнде жасанды интелектiге негiзделген. Мұнда DamuMed меициналық жүйесi, статистика, салық, прокуратура және басқалар сияқты Ақкөл қаласының қол жетiмдi ақпараттық көздерi интеграцияланған. Ол терең талдау деректерiн алуға, қаладағы жағдай туралы жаңа ақпарат алуға және шешiм қабылдаудың жаңа жүйесiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

Облыста жылу беру маусымын өткiзу барысы туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко баяндады. Әлеуметтiк сала және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектiлерiндегi қазандықтардың жұмысы штаттық режимде жүргiзiлуде, барлық жерлердегi жылумен жабдықтау объектiлерiнде температуралық режим сақталуда.

Өңiр басшысы аудандар мен қалалардың әкiмдерiне энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен бiрлесе отырып әлеуметтiк объектiлердiң қазандықтарын сенiмгерлiк басқаруға берудiң мақсатқа сайлығы мәселесiн қарастыруды, сондай-ақ 2019 жылдың 1 қазанына дейiн энергия ресурстарын тиiмдi және ұтымды пайдалану үшiн қазандықтарда есептеу құралдарын орнатуды қамтамасыз етудi тапсырды.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Қанат Ыдырысов Ақмола облысында «Ақмола — адалдық алаңы» атты жоба жүзеге асырылып жатқанын, ол тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру сияқты мiндеттердi шешуге бағытталғаны туралы баяндады.

Облыста жобалық офис құрылған, ол 12 бағытта жұмыс iстейдi: бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, ТҮКШ, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, мемлекеттiк кiрiс органдары, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдары. Кеңесте барлық мемлекеттiк органдарға осы жобаны жүзеге асыруға барынша қолдау көрсету тапсырылды.

      

Құрылған күні: 21.01.2019
Қаралым саны: 1328
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng