Облыс әкімдігінде проблемалы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық сауықтыру тетіктері талқыланды

Бүгiн облыс әкiмдiгiнде өңiр басшысы Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен «Алиби» компаниялары тобының пролемалы мәселелерi жөнiндегi штаптың отырысы өткiзiлдi. Кеңеске ауыл шаруашылығы вице-министрi Берiк Бисенғалиев, «Азық-түлiк корпорациясы» ҰК», «КазАгроГарант», «Аграрлық кредиттiк корпорация», «Холдинг «КазАгро» АҚ басшылығы, аудандардың әкiмдерi, салалық мемлекеттiк органдардың және қаржы институттарының өкiлдерi, облыстың «Алиби» тобына кiретiн 11 ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының директорлары қатысты.

«Мемлекет басшысының елiмiздегi пролемалы агрохолдингтерде қаржылық тәртiп орнату бойынша тапсырмасы шеңберiнде Ақмола облысында кредиттiк тәуекелдердi талдау, қаржы институттары алдындағы қарыздарын қайта құрылымдау жұмыстары жүргiзiлуде, кейбiр ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын оңтайландыру үрдiсi iске қосылды», — дедi Мәлiк Мырзалин.

Облыс әкiмi айтқандай, бүгiнгi таңдағы негiзгi мiндет — «Алиби» компаниясының тобына кiретiн ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының активтерiн түгендеу. Келесi қадам қаржылық мониторинг және шаруашылық субъектiлерiн одан әрi қаржылық сауықтыру болады.

Осы ауыл шаруашылығы кәсiпорындары аумақтарында орналасқан аудандардың әкiмдерiне және барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың басшыларына көктемгi егiн егу науқанына дайындалу тапсырылды. «Бiз үшiн көктемгi егiстiк жұмыстарын сапалы жүргiзу үшiн алдын ала, соның iшiнде проблемалы ауыл шаруашылық кәсiпорындарының алқаптарында шаралар қолдану бiз үшiн өте маңызды. Кадрлар әлеуетiн орынында ұстап қалуды қамтамасыз ету, ЖЖМ, тұқым және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу үшiн жағдайлар жасау қажет. Қызметкерлерге жалақыны уақытында төлеу  — ерекше бақылауда», — деп түйiндедi облыс әкiмi.

 

Құрылған күні: 29.01.2019
Қаралым саны: 1533
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng