Мәлік Мырзалин Ақмола облысының жастарымен кездесті

Жастар жылы аясында Көкшетауда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин өңiрдiң жас ұрпағының өкiлдерiмен кездесу өткiздi. Iс-шара «ерiктi микрофон» форматында өткiзiлдi, онда әркiм өз еркiмен өз жетiстiктерi туралы әңгiмеледi, толғандырып жүрген сұрақтарын қойды және жастар саясатының бұдан әрi дамуы туралы өз пiкiрлерiмен бөлiстi.

Әскери-патриоттық қозғалыстың басшысы Орынбек Сағидолда Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Жас Сарбаз» клубының қызметi туралы баяндады және осы бағытта iс-шаралар жүргiзу бойынша бiрқатар ұсыныстар енгiздi.

Жастар шағын және орта бизнеспен қалай айналысып жатқаны туралы кәсiпкерлiк iсiн жаңа бастап жатқан Тимур Сәрсенбаев баяндады. Ол мал шаруашылығымен белсендi айналысады және Атбасар ауданының тұрғындарын жұмыс орындарымен қамтамасыз етiп отыр. Тимур бизнес-жобаларға жаңа технологияларды енгiзiп отырған өз құрдастарының креативтiлiгiне назар аударды.

Ол туралы өзге де кездесуге қатысушылар: IV «World skills Kazakhstan — 2018» ұлттық чемпионатының алтын медалiнiң иегерi, Жоғары техникалық колледждiң студентi Максим Соколовский, IT-мектеп-лицейiнiң 10 сынып оқушысы Жанарыс Сайранбеков, сондай-ақ ҚР IIМ Төтенше жағдайлар комитетi Көкшетау техникалық институтының курсанты Әдiлет Серiк егжей-тегжейлi баяндады.

Максим ақылды технологияларды әзiрлеумен айналысады, ал Жанарыс өз мектебiнiң мұғалiмдерiне арналған электрондық тестiлеу жүйесiн әзiрледi және бұдан әрi өзiнiң авторлық өнiмiн өзге бiлiм беру мекемелерiнде iске қосуды жоспарлап отыр.

Әдiлет — болашақ өрт сөндiрушi, Inhelp қосымшасын жасап шығарған, оның көмегiмен Қазақстанның тұрғындары кез келген қоғамдық ғимараттан шығатын жол таба алады. Мысалы, өрт кезiндегi iс-қимыл алгоритмi. Ақпарат фото, бейне, аудио және мәтiн түрiнде берiледi. Сондай-ақ қосымшада алғашқы медициналық көмек көрсету туралы нақты ақпарат берiледi. Адамдар, тiптi оффлайн-режимде жедел қызметтердiң нөмiрлерiн тере алады. Ең бастысы, төртiншi бағыт — бұл Астана, Алматы қалаларында және 14 облыс орталығында орналасқан барлық қоғамдық ауруханалардың, ғимараттардың бас жоспарлары. Соның iшiнде сауда орталықтарының, оқу орындарының, ауруханалар мен емханалардың бас жоспарлары да болады.

Зал 5 бала тәрбиелеп отырған жас ананы жылы қарсы алды. Әсемгүл Қалижанова қазiргi уақытта мемлекеттiк бағдарлама бойынша сатып алған жаңа пәтерде тұрып жатқанын айтып, жас отбасыларды қолдау жөнiндегi әлеуметтiк бастамалары үшiн Президентке алғысын бiлдiрдi.

Сөз сөйлегеннен кейiн Мәлiк Мырзалин қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап бердi. Жастарды облыс әкiмiнiң жұмыс күнi қалай өтетiнi, әлеуметтiк желiлердегi жеке парақтарын қалай жүргiзетiнi, қандай кiтап оқитыны және тағы басқа да көптеген сұрақтар қызықтырды.

Кездесу өңiрiмiздiң дамуына елеулi үлес қосқан жастар өкiлдерiн салтанатты түрде марапаттау рәсiмiмен аяқталды.

Қазiргi уақытта Ақмола облысында 150 мың жастар тұрады, оларға мемлекет тарапына жан-жақты қолдау көрсетiлуде, соның iшiнде тұрғын үй мәселелерiн шешу бойынша. 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 8350 отбасы пәтер алды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 252 өтiнiм мақұлданды, осы пәтерлердi алғандардың 70%-дан астамы жастар. Биыл «Ақмола жастары» бағдарламасы бастау алады, оның шеңберiнде 400 жас отбасына арналған 6 көппәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы салынады.

Бiлiм беру саласында жыл сайын ЖОО-ларда оқыту үшiн гранттар, дарынды, қоғамдық-белсендi жастарды, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк әлжуаз топтарын қолдау үшiн облыс әкiмiнiң атаулы стипендиялары бөлiнедi.

   

Құрылған күні: 01.03.2019
Қаралым саны: 415
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус