Мәлік Мырзалин Қазақстандағы Тәжікстанның Елшісімен кездесті

2018 жылғы 12 сәуiрде Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Қазақстан Республикасындағы Тәжiкстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Назирмадом Ализодамен кездесу өткiздi.

Облыс әкiмi келген қонақтарды ортақ тарихтың мықты iргетасына, өзара құрмет көрсету мен сенiм артуға негiзделген қазақстан-тәжiк дипломатиялық қатынастар орнатылуының 25 жылдығымен құттықтады.

Кездесу барысында тараптар экономика, сауда, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Мәлiк Мырзалин өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы айтып бердi. «Облыста әлемдiк нарықта жоғары бағаланатын Қазақстанда өсiрiлетiн бидайдың төрттен бiр бөлiгi өсiрiледi. Жыл сайын, бiз шамамен 2 млн.тонна астықты 32 жақын және алыс шетелдерге экспорттаймыз» — деп атап өттi өңiр басшысы.

Ақмола облысы мен Тәжiкстан Республикасының арасында 2017 жылы өткен жылдармен салыстырғанда сыртқы сауда айналымының 20%-ға өсуiнiң байқалғанын атап өту қажет. Бiз ұн мен макарон өнiмдерiн, бидай мен арпаны және басқа да өнiмдердi экспорттаймыз, ал импорт көкөнiстер мен жемiстерге тиесiлi.

Өз кезегiнде, Назирмад Ализода ақмолалықтарға жылы шыраймен қарсы алғандары үшiн алғысын бiлдiрдi және бiрлескен жобаларды iске асыруға қызығушылық танытты.

Құрылған күні: 12.04.2018
Қаралым саны: 1710

Қаз Рус Eng