Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болды

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Бурабайда «Қазақстанның рухани қасиеттi жерлерi» жобасының аясында жүзеге асырылып жатқан Ботай мәдениетiн реконструкциялаудың барысымен танысты.

«Ақылбай» орман шаруашылығының аумағында Жеке батыр тауының етегiнде визит-орталық орналастырылатын болады. Қазiр 8-10 метр диаметрiмен сол дәуiрдiң жетi тұрғынжайын қалпына келтiру жұмысы жүргiзiлуде. Тереңдетiле қазылатын шұңқыр, үйлер үшiн негiз болады. Үстiнен бөренеден күмбез тұрғызылады, ол одан кейiн шөппен және мүкпен жабылады, ал оның үстiнен саз, саман және шым төселедi. Барлық тұрғынжайлар бiр-бiрiмен жерасты жолымен қосылады және олардың әрқайсысы ерекше: бiр жерiнде әдет-ғұрып өткiзiледi, басқасында белгiлi бiр кәсiппен шұғылданады, үшiншiсiнде сол дәуiрдiң қару-жарағы көрсетiледi, көршi тұрғынжайда қымыз дайындау тәртiбiн көрсетедi», — дедi облыстық тарихи-өткетану музейiнiң директоры Қуаныш Шақшақов.

Өткен жылғы күзде Ақмола облысы әкiмдiгiнiң және Ботай мәдениетi — ХХ ғасырдың сенсациялық археологиялық жаңалық авторларының бiрi, археология профессоры, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттiң арасында ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткiзiлгенiн естерiңiзге саламыз. Ғалым сол дәуiрде Солтүстiк Қазақстан аумағында жабайы жылқыларды қолға үйрету алғаш рет орын алғанын ерекше атап өтедi. Бұл факт халықаралық ғылыми қауымдастықпен дәлелдендi. «Аталған визит-орталығының мiндетi — бүгiнгi таңда Ботай мәдениетi — дала өркениетiнiң матрицасы деп аталатын алғашқы ботай мәдениетiнiң брендiн мәңгiлiкке сақтау және дамыту. Қазақ халқының шығу тегi мәдениетiнiң бастамасы, атты-көлiк коммуникациясының жаңа дәуiрiнiң бастамасы. Бүгiнгi таңда батыс елдерiнiң ғалымдары Ботай мәдениетiнiң бiрегей әлемiн зерттеуге белсендi қосылуда, ол америка мектептерiнде оқытылады. Алайда, ең алдымен бiзге Ботай мәдениетi өз этносымызды — 6 мың жыл бұрын қазақ мәдениетiнiң негiзi қаланғанын сезiнуiмiз бен ұғынуымыз үшiн қажет. Ол қазiргi таңда бiздiң барлық зерттеулерiмiзден тамаша көрiнiс табуда», — деп атап өттi Виктор Зайберт.

Бiрлескен жобаға «EQUUS» деректi кинотрилогиясының продюсерi Нұрбол Баймұқанов та қосылатын болады. «Фильм түсiрiлiмi аяқталған соң, оны жалғастыру және ежелгi қазақтар әлемi мен тарихына шолуға ниет бiлдiргендер үшiн Ботай мәдениетiнiң бiрқатар тұрғынжайын реконструкциялау идеясы орын алды. Облыс басшылығымен Бурабай курортының аумағында неолит дәуiрiнiң этно-саябағын құру шешiмi қабылданды. Бұл өте маңызды және көрегендiк шешiм, себебi бiздiң тарихымыздың осы бөлiгi барлығына қызықты, ол әлемдiк деңгейде белсендi түрде зерттелуде және бiздiң өңiрiмiзге туристердiң көп санын тартатындығы сөзсiз», — деп сөзiн қорытындылады Нұрбол Баймұқанов.

Сол күнi облыс әкiмi Бурабай курортында құрылысы жүрiп жатқан кемпинг аймағын, мешiттi, аллеяны, жағажай аумағын және басқа да объектiлердi аралады.

     

Құрылған күні: 23.05.2018
Қаралым саны: 2338

Қаз Рус Eng