Мәлік Мырзалин «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Ақмола облысының әкiмi, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мәлiк Мырзалин «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдауын өткiздi. Азаматтар жеке меншiктi қорғауға, әлеуметтiк объектiлердi жөндеуге бюджет қаражатын бөлуге қатысты және т.б. бiрқатар мәселелердi шешуде көмек көрсетудi өтiндi.

Облыстың түрлi аудандарынан интернет арқылы скайп-байланыс көмегiмен төрт мәселе айтылды.

Аршалы ауданынан Оксана Балашованы Аршалы к. №2 орта мектептiң жағдайы алаңдатады. Ақмола облысы бiлiм басқармасының басшысы Талғат Жүнiсов мектептiң 51% толтырылғанын атап өттi. «Бiз бюджет қаражатын мақсаттылығына және басымдылығына қарай шығындалуына назар аударамыз. Жуық арада шешiм қабылданатын болады», — деп өтiнiш иесiне жауап бердi өңiр басшысы.

«Ақкөл ауданының Барап ауылында су құбырының торабын күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзiрлендi. Сараптаманың оң қорытындысы бар»,- деп облыс әкiмi Ақкөл ауданының тұрғыны, өз сұрағын скайп арқылы қоюға мүмкiндiгi болған Әсем Қадыроваға жауап бердi.

Астрахан ауданы Жалтыр ауылының тұрғыны Фарид Байсадықов дәрiгерлiк амбулатория ғимаратының жағдайымен алаңдаулы. «Мен ол амбулаторияны көрдiм. Оның жағдайы әрине нашар. Сiздiң кент үлкен, тұрғындарының саны 6 мыңнан асады. Келер жылы мәселе шешiлетiн болады. Ауылдастырыңызға сәлем айтыңыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен ғимаратты күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасы 2019 жылғы бюджетке қосылатын болады», — деп жауап бердi облыс әкiмi.

Сонымен қатар, Атбасар қ. I.Есенберлин атындағы орталық аудандық кiтапхананың ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргiзу үшiн бюджет қаражатын бөлу туралы да өтiнiш айтылды.

Өтiнiш бiлдiрушiлердi тыңдап, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин әрқайсысына қолданыстағы заңнама аясында шешiм қабылданатыны жөнiнде тиiстi түсiнiктеме бердi.

     

Құрылған күні: 24.11.2018
Қаралым саны: 761
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng