Мәлік Мырзалин Степногорск қаласы әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты

Степногорск қаласында қала әкiмi Еркебұлан Баяхметовтiң халыққа есеп беру кездесуi өттi, оған Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин қатысты.

Өзiнiң сөзiнде қала әкiмi 2018 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерi мен жұмыс нәтижелерi және 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары мен азаматтардың өзектi мәселелерiн шешу туралы баяндап бердi.

2018 жылы өнеркәсiп кәсiпорындарымен 2017 жылғы көрсеткiшке қарағанда 44% өсiмiмен 136 млрд.теңге сомасына өнiм өндiрiлдi. Облыстың өнеркәсiп өндiрiсiндегi қаланың үлесi 21% құрады. Оған Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының аясындағы жобаларды iске асырудың нәтижесiнде қол жеткiзiлдi.

Степногорск өңiрiнiң экономикасын дамытуға шамамен 22 млрд теңге салынды, жеке инвестициялардың үлесi 98% құрады.

Экономиканы әртараптандыру саласының бiрi ретiнде кәсiпкерлiктi дамытудағы негiзгi индикаторлардың өсiмi атап өтiлдi.

«Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 19 жоба субсидиялануда, 550 адам қаржылық емес қолдау алды. Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының аясында өңiр тұрғындарына шағын кредиттер, жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар ұсынылды. Атап айтқанда, Степногорск қаласында «Дәрiгер плюс», «Гамма Центр» көп функционалды медициналық кабинеттер, «Food Time Kids» балалардың ойын кафесi, «Светофор» төменгi баға дүкенi, автомобильдерге қызмет көрсету кешенi, заманауи форматтағы 3 дүкен; Бестөбе кентiнде «Алтын Ұя» мейрамханасы ашылды.

Ағымдағы жылы «Даму» қорының қаражатымен бiрлесiп қаржыландыру арқылы жергiлiктi бюджет есебiнен тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi, қоқысты сұрыптау мен өңдеу, балалар үшiн демалуын ұйымдастыру бойынша кәсiпкерлердiң жобаларына қолдау көрсету жоспарлануда.

Степногорск қаласында көп пәтерлi тұрғын үйлердi орталықтандырылған газбен жабдықтауды қалпына келтiру басталды. Қаланың тұрғын үй қорын одан әрi ұлғайту мақсатында, 143 пәтерлi тұрғын үй қалпына келтiрiлдi. Сондай-ақ, тағы бiр көп пәтерлi тұрғын үйдi реконструкциялау жоспарлануда.

«Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында Шаңтөбе кентiнде қазандық iске қосылды, Ақсу және Заводской кенттерiнде сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiн реконструкциялау жүргiзiлуде, су тазалау имараттарын реконструкциялау жобасын iске асыру басталды. Қаланың 38 мың шаршы метр кварталiшiлiк жолдар жөнделдi, Степногорск-Өнеркәсiп аймағы автомобиль жолының учаскесiне орташа жөндеу жүргiзiлдi, Ақсу-Бестөбе-Изобильное жолын жөндеу басталды.

Еңбек нарығында 732 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды, 2104 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.

2016 жылдан берi 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеумен жүз пайыздық қамту сақталуда, бөбекжай топтарын ашу есебiнен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту көрсеткiшi 68,4%-дан 82,9%-ға дейiн артты. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бестөбе кентiнде 150 орынға жеке меншiк балабақша жұмысын бастайды.

Кездесу «сұрақ-жауап» форматында жалғасты. Қала тұрғындары мен жақын орналасқан кенттердiң тұрғындарын денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және жол жөндеу мәселелерi қызықтырды.

Кездесудiң қорытындысын шығара келе, Мәлiк Мырзалин Степногорск қаласының өнеркәсiп өндiрiсiнiң жоғарғы үлесiн атап өттi. “Облыс экономикасында Степногорск қаласы 11 пайызын құрайды. Ол барша және әрбiр тұрғынның сiңiрген еңбегiнiң нәтижесi. Сiздер қол жеткiзген жетiстiкте тоқтап қалмай, жыл сайын жаңа кәсiпорындар ашылуда. Алайда, атқарылған iске цифр тұрғысынан қарап қоймай, адамдардың өмiр сүру сапасына назар аудару қажет”, — деп атап өттi облыс әкiмi.

Өңiр басшысы кәсiпкерлiктi дамытуды және тұрғын үй құрылысының қарқынын үдетудi тапсырды. Облыс әкiмiмен медициналық мекемелердi жабдықтармен қамтамасыз ету, жол салу мен жөндеу мәселелерi жеке бақылауына алынды.

   

Құрылған күні: 06.02.2019
Қаралым саны: 695
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус