Мәлік Мырзалин Целиноград ауданы әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Ақмол ауылына жұмыс сапары аясында Целиноград ауданының алғашқы әлеуметтiк дүкенiне барды. "Мейiрiм" сауда нүктесi 2018 жылы МЖК аясында "Ақмол береке" ЖШС-нiң қатысуымен ашылды, оған мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiгi, ғимаратты салған жеке кәсiпкер және барлық қажеттi жабдықтар мен жердi берген ветеринария бөлiмi кiредi. Бiр жыл iшiнде дүкендегi баға бiрде-бiр рет көтерiлмеген. Апта сайын дүкенде қажеттi тауарларға арналған акциялар өтедi.

"Әр жұма сайын дүкеннiң пайдасы есебiнен ауданымыздың барлық мұқтаж жандарынатегiн нан таратамыз, ал бұл күнiне 200 бөлке нан. Сонымен қатар, бiзде "қайырымдылық сөресi" бар, онда бiз мұқтаж жандар үшiн ең қажеттi азық — түлiктердi жинаймыз, бұл бүгiнгi күнi 50-ден астам адам", — дедi "БОЛАШАҚ" мүгедектер қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы, "Ақмол береке"ЖШС директоры Амангелдi Қапанов.

Бүгiнде таңда мұнда мүмкiндiгi шектеулi жандар мен ерекше қажеттiлiктерi бар балалардың ата-аналары еңбек етуде. Ақмол ауылының тұрғындары дәрi-дәрмектердi жақын арада «Мейiрiм» дүкенiнiң жанында ашылатын әлеуметтiк дәрiханадан 30%-ға төмен бағамен сатып ала алады.Қазiргi уақытта құжаттарды лицензиялау үдiсi жүрiп жатыр.

Сонымен қатар, биылғы жылы Қосшы, Қоянды, Талапкер және Қараөткел елдi мекендерiнде әлеуметтiк дүкендердiң 4 нүктесiн, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк әлжуаз топтарына арналған бiрқатар дәрiханалар салу жоспарлануда.

Сол күнi Целиноград ауданының әкiмi Малғаждар СаттарұлыТәткеевтiң халыққа есеп беру кездесуi өттi. Iс-шараға Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин мен ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы Қалдыбек Бәйiмбетов қатысты.

Аудан әкiмi өткен жылғы негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштер туралы хабардар еттi. Нақты көлем индексi өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығында ұлғайды. Сондай-ақ ауданға инвестиция көлемi де артты. Егер 2017 жылы ауданды дамытуға 33 млрд теңгеден астам қаражат тартылса, 2018 жылы 39 млрд теңге, оның 32 млрд теңгесi жеке инвестициялар.

Индустрияландыру картасына 3 жоба енгiзiлдi –"Astana Ceramic" ЖШС,"Сыдықбек" ЖШС және "Құмтас АҚК"ЖШС. Сондай-ақ, "Сапа су" ЖШС зауытын кеңейту және жаңғырту бойынша тағы бiр жобаны енгiзу жоспарлануда. Бұл Қазақстандағы қысымсыз темiр-бетон құбырларын өндiретiн инновациялық жалғыз зауыт, оны жаңғырту өнiмдiлiктi ауысымына 1 мың метрге дейiн арттыруға және диаметрi 30 сантиметрден 3 метрге дейiн құбырлар шығаруға мүмкiндiк бередi.

Ауыл шаруашылығы саласында ет кластерiн дамыту бағдарламасына сәйкес 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қабанбай батыр ауылындағы "Агро парк" ЖШС 3 мың бас iрi қара малға арналған бордақылау алаңының құрылысын бастады. Ауыл шаруашылығы министрлiгi аудан бойынша барлығы 27 басым жобаны бекiттi, олар Астана қаласының азық-түлiк белдеуi аясында елордаға ет, сүт, балық өнiмдерiн жеткiзудi ұлғайтуға да мүмкiндiк бередi.

Целиноград ауданында тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесi ең өзектi мәселелердiң бiрi болып отыр. Өткен жылы барлық қаржыландыру көздерi есебiнен ауданда 1187 пәтер пайдалануға берiлдi. Аудан орталығында 12 га аумақта жаңа тұрғын үй кешенiнiң құрылысы үшiн инженерлiк-коммуникациялық желiлердi жүргiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту мақсатында тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Өткен жылы 6,5 мыңнан астам тұтынушыны сумен қамтамасыз еткен Қызылжар және Рахымжан Қошқарбаев ауылдарында сумен жабдықтаудың таратушы желiлерiнiң құрылысы аяқталды.Сондай-ақ, Қорғалжын ауданының Сабынды ауылынан Қараөткел ауылына дейiнгi магистральды суағар желiлерi қайта жаңартылды, ол жақын арада ауданның тағы 9 елдi мекенiн ауыз сумен қамтамасыз етедi. Ал Покровка жер асты сулары кен орнынан 11 елдi мекендi қамти отырып, су құбырын тарту жоспарланып отыр. Тиiстi жобалау-сметалық құжаттама әзiрлену сатысында.

Орталықтандырылған суы жоқ елдi мекендерде блоктық-модульдiк станциялар орнатылады. Бүгiнгi таңда 19 елдi мекенде 23 блок-модуль бар. Тек өткен жылы Талапкер, Қажымұқан, Қосшоқы және Тастақ ауылдық елдi мекендерiнде 4 станция орнатылды.

Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым нысандары бойынша Қараөткел және Софиевка ауылдарында электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы Қабанбай батыр, Аққайың, Қаражар, Қызылсуат және Қажымұқан ауылдарындағы желiлердiң құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Өткен жылы 107,7 км жол жөнделiп, салынды. 2019 жылы ауданның көлiк инфрақұрылымын дамытуға 3,2 млрд теңге бөлiндi. 19 елдi мекенде жалпы ұзындығы 341 км астам көше-жол желiсiн салу және күрделi жөндеу үшiн ЖСҚ бар.

Сөз соңында аудан әкiмi Малғаждар Тәткеев аудан тұрғындарының өтiнiштерiне жедел жауап беруге бағытталған "Целиноград ауданының Мобильдi басқармасы" call-орталығының жобасын таныстырды. Бұл портал пайдаланушыларға ауданды жақсартуға тiкелей қатысуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен абаттандыруға байланысты мәселелер туралы хабарлама жiберуге мүмкiндiк бередi.

Есеп беру кездесуiн қорытындылай келе, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына оң баға берiп, жергiлiктi атқарушы органдардың алдына бiрқатар мiндеттер қойды.

"Баяндамада айтылған әр цифрда сiздердiң әрқайсыңыздың, ауданның әрбiр тұрғынының және ауылдың барлық еңбеккерлерiнiң орасан зор жұмысы тұр. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Целиноград ауданы жетi қадаммен дамып келедi. Елiмiзде осы аудандағы сияқты арнайы кешендi даму жоспары бар аймақтар өте аз. Республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлiнедi. Биыл аудан үшiн кешендi жоспар бойынша 8 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған", — дедi облыс әкiмi.

Құрылған күні: 04.02.2019
Қаралым саны: 1768
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус