Мәлік Мырзалин Маралды орман шаруашылығы мекемесіндегі орман тәлім бағында болды

Ақмола облысының аумағында 13 ведомствоға бағыныс орман шаруашылығы мекемелерi орналасқан, соның iшiнде үш орман базистiк тәлiмбақтары бар. Оның iшiнде ауданы 50 га екеуi Зерендi және Ақкөл аудандарында орналасқан. Сандықтау ауданында орналасқан жалпы ауданы 23 га үшiншi орман тәлiмбағының тарихы бай.

Маралды орман шаруашылығы мекемесi 1976 жылы құрылған, Мұнда тұрақты жұмыс iстейтiн жапырақты және қылқан жапырақты ағаш екпелерiн өсiретiн орман тәлiмбағы бар. Қазiргi уақытта Маралды ОШМ-де 60-қа жуық ағаштар мен бұталардың түрлерi өсiрiледi.

2017 жылы облыстық бюджет есебiнен жалпы ауданы 600 кв.м, тамшымен суарылатын және қыста жылытылатын жабық топырақта ағаштар мен бұталардың көшеттерiн өсiруге арналған жаңа жылыжай құрылысы салынды. Бұл жылыжай вегитация мерзiмiн қысқартады: егер ашық топырақта көшет материалын өсiру 2 жыл уақыт алса, жылы жайда бұл мерзiм екi жылға қысқарады.

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин жылыжайды, сонымен қатар, орман тәлiмбағының барлық аумағын аралап көрдi. Мұнда ағаш түрлерiнiң екi жылдық көшеттерi мен кәдiңгi қарағай өсiрiледi, олар Ақмола облысы оман шаруашылығы мекемелерiне берiледi. Маралды тәлiмбағының биiгiрек көшеттерi Көкшетау, Астана, Алматы қалаларын көгалдандыруға сатылады.

Сонымен қатар, жергiлiктi тұрғындар бау-бақшаларына сатып алатын қарағай, шырша, жаңғақ қарағай, декоративтiк бұталардың түрлерi халықтың арасында сұранысқа ие.

«Сiздер жаңа ғана бiздiң тәлiмбақтағы барлық ағаштардың түрлерiн көрдiңiздер, 30-дан аса түрлерiн Түменнен әкелдiк. Соның iшiнде батыс туясы, барбарис, көк шырша, сiбiр шыршасы, можжевельниктiң үш түрi және т.б. бар. Сатып алғанда олардың бойы 50-60 см шамасында болатын, ал қазiр олардың көбi метрден асады» — дедi Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлiмiнiң басшысы Әлiбек Жүсiп.

     

Құрылған күні: 08.09.2018
Қаралым саны: 920
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng