Ақмола облысында ауыл шаруашылығының үздік қызметкерлері марапатталды

Көкшетауда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң күнiне арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi.

Өңiрдiң агроөнеркәсiп кешенiнiң өкiлдерiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин құттықтады. «Өткен жылы Ақмола облысына сапары барысында Елбасы: «Ақмола облысының диқандары ең үздiктер», — деп бекер айтқан жоқ.Бүгiн бiз осы залда ауа райының қолайсыздығына қарамастан Мемлекет басшысының сөзiн лайықты дәлелдеп берген батырларымызға құрмет көрсету үшiн жиналдық. Астықтың жалпы жиыны ең көп, ең жоғары сапа, ең көп экспортбiзде», — дедi облыс әкiмi.

Ағымдағы жылы ақмолалық диқандар 5,6млн. тоннастық өсiрiп жинады, өнiмдiлiгi әр гектарынан13 центнер құрады.Жоғары сапалы бидай сыртқы нарықта сұранысқа ие, оның экспорттық көлемдерi жыл сайын артып келедi.

Облыста мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келедi. Барлық түрлер бойынша мал басы көбеюi және ет өнiмi өндiрiсi өсуi байқалуда.

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин облыстың ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi алдағы уақытта да ел экономикасын дамытуға және халықтың игiлiгiн арттыруға бағытталған жаңа жетiстiктерге жете беретiнiне сенiм бiлдiрдi.

Ауыл шаруашылығы саласының үздiк алты қызметкерiне салтанатты түрде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ведомстволық наградасы — «Еңбекардагерi» медалi, «Ауылшаруашылығысаласыныңүздiгi» төс белгiсi және құрмет грамоталары табыс етiлдi.

Жақсы, Сандықтау және Целиноград аудандары өсiмдiк шаруашылығындағы жоғары өндiрiстiк көрсеткiштерi үшiн, сондай-ақ Зерендi ауданы мал шаруашылығындағы жоғары көрсеткiштерi үшiн облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен наградталды.

Сегiзаграрлықкәсiпорын өндiрiстегi үздiк нәтижелерi үшiн марапатталды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң арасында да үздiктер анықталды. Олардың iшiнде комбайнерлер, механизаторлар, сауыншылар, бұзаушылар, құс өсiрушiлер, агрономдар және т.б. бар.

      

Құрылған күні: 24.11.2018
Қаралым саны: 433
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng