Ірі еуропалық инвестор Бурабайда тау-шаңғы курортының құрылысына қызығушылық танытты

Бүгiн, Бурабайда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин «PGI Management» жетекшi әлемдiк тау-шаңғы консалтингтiк компаниясының президентi Буан Виладомат Кортабитартемен аталған мәселенi талқылады.

Кездесу барысында тараптардың арасында уағдаластыққа қол жеткiзiлдi, атап айтқанда маусымда компания әлемдiк деңгейдегi тау-шаңғы курортын дамыту үшiн Бурабай аумағының әлеуеттi мүмкiншiлiктерiн зерделеу бойынша зерттеу жұмысын бастайды.

«Бiздiң команда жобаның бизнес-тұжырымдамасын әзiрлеуден бастап құрылысына дейiн қызмет көрсетедi, сондай-ақ мәдени ерекшелiктердi ескере отырып, бизнестi дамыту мен техникалық сүйемелдеудi ұсынады. Бiз үш құрылықтың он бестен астам елiнде жұмыс iстеймiз», — деп атап өттi Жуан Виладомат.

«PGI Management» компаниясы тау-шаңғы курорттарын операциялық басқару саласында әлемдiк көшбасшы болып табылатынын атап өту қажет, оның iшiнде Еуропадағы ең үздiгi — «Гранвалира».

 

Құрылған күні: 17.05.2018
Қаралым саны: 2174

Қаз Рус Eng