Ақмола облысының ірі компаниялары қызметкерлерінің жалақысын өсіреді

Астана өңiрiнiң 20-дан астам iрi компаниялары өз қызметкерлерiнiң жалақысын өсiредi деп хабарлайды ortcom.kz тiлшiсi. «Бiздiң өңiрiмiздiң 20-дан аса iрi компаниялары өз қызметкерлерiнiң жалақысын өсiруге дайындығын бiлдiрдi. Олар «Тыныс» АҚ, «TNK» агрофирмасы, «Гормолзавод» ЖШС сияқты кәсiпорындар және басқалар», — дедi Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Орталық коммуникациялар қызметiнде 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына арналған баспасөз-конференциясында. Сонымен қатар, өңiр басшысының айтуынша 2019 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 15%-ын құрайтын бюджеттiк ұйымдардың 58 мың қызметкерлерi орта есеппен 35%-дан жоғары жалақы алатын болады. «Орта есеппен дәрiгерлердiң, мұғалiмдердiң, мәдениет және басқада салалар қызметкерлерiнiң жалақылары 77 мың теңгеден 104 мыңға дейiн өседi», — дедi әкiм. Естерiңiзге сала кетейiк, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа бiлiм беру бағдарламасына көшкен мұғалiмдердiң жалақысы 30% өсiрiлген болатын, сонымен қатар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа жұмыс түрiн енгiзген учаскелiк медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңдеп 20% өсіріледі.

Құрылған күні: 02.11.2018
Қаралым саны: 948
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng