Аппараттық кеңесте кадрлық өзгерістер, туризмді дамыту және білім беру мәселелері талқыланды

Бүгiн аппараттық кеңесте Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин активтi соңғы кадрлық өзгерiстермен таныстырды. Бөкiбаев Әсет Қайратұлы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әсет Бөкiбаев Ақмола облысының Есiл қаласында туған. Қазақ спорт және туризм академиясын бiтiрген. 2003-2011 жылдары Көкшетау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнде жұмыс iстедi. 2011 жылдан бастап Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасында жауапты лауазымдарда болды. Осы тағайындалуына дейiн басқарма басшысы орынбасарының лауазымын атқарды.

Одан кейiн кеңесте туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов Ақмола облысының туристiк саласын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған жол картасының аясында жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы баяндап бердi. Бiлiм басқармасы басшысының м.а. Валерий Гамазов болжамды деректер бойынша 1 қыркүйекте мектеп оқушыларының жалпы саны 120,2 мың адамды құрайтындығы, оның iшiнде бiрiншi сынып оқушыларының шамамен 14,2 мың бала болатыны туралы ақпараттандырды.

2018-2019 жаңа оқу жылының басына қарай Бiржан сал, Сандықтау, Целиноград аудандарында және Көкшетау қаласында барлығы 4 мектеп пайдалануға берiлетiн болады. 9 бiлiм беру объектiсiне күрделi жөндеу жұмыстары аяқталып келедi.

Өңiр басшысы аудандар мен қалалардың әкiмдерiне ағымдағы жылғы 25 тамызға дейiн бiлiм беру объектiлерiнiң жаңа оқу жылына дайын болуын қамтамасыз етудi, сонымен қатар жөндеудi аяқтауды, оқу әдебиетiмен қамтамасыз етудi және балаларды тамақпен қамтуды тапсырды.

Сондай-ақ, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысында облыс әкiмiнiң орынбасарлары Василий Крылов пен Қанат Ыдырысовқа қатты отынға бағаны жеке бақылауларына алуды тапсырды.

Сонымен қатар, В.Крылов пен Есiл ауданының әкiмiне Есiл қаласында орталық қазандықты мерзiмiнде iске қосуды тапсырды.

 

Құрылған күні: 06.08.2018
Қаралым саны: 617
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng