Тағайындау

Бүгiн аппараттық кеңесте Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев активтi кадрлық тағайындаумен таныстырды.

Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығымен Мусина Айнагүл Советқызы Ақмола облысы тауарлар мен қызметтердiң сапасын және қауiпсiздiгiн бақылау департаментiнiң басшысы болып тағайындалды.

Айнагүл Мусина 1974 жылы туған. Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтын, «Фемида» заң институтын бiтiрген.

Еңбек жолын 1997 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық стансасында санитариялық дәрiгер болып бастады. 2001 жылдан берi Ақмола облысы тауарлар мен қызметтердiң сапасын және қауiпсiздiгiн бақылау департаментiнде санитар-дәрiгер, бөлiм меңгерушiсi, бөлiм басшысы, басшының орынбасары болып қызмет атқарды.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Үздiк санитар дәрiгерi атанды.

Құрылған күні: 03.06.2019
Қаралым саны: 324
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус