Ақмола облысында Үкіметтің кеңетілген отырысының қорытындылары талқыланды

Ақмола облысының әкiмдiгiнде өткiзiлген аппараттық кеңесте өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин ҚР Үкiметiнiң кеңейтiлген отырысының қорытындылары туралы баяндады.Президенттiң тапсырмасына сәйкес биылғы жылы мемлекеттiк әлеуметтiк саясатты қайта қарау мiндетi жүктелдi. Үкiмет пен әкiмдiктер жұмыстарының басты көрсеткiшi болып кiрiстер мен халықтың өмiр сүру сапасы белгiлендi.Облыс әкiмi өңiрдi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi көрсеткiштерiн атап өттi, сонымен қатар ағымдағы жылға арналған ауыл шаруашылығында, кәсiпкерлiкте және әлеуметтiк мәселелер саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткiзудi жандандыруды тапсырды.

«Мемлекет басшысының қатысуымен өткiзiлген кеңейтiлген отырыста Ақмола облысы өнеркәсiп өсiмiнiң оң қарқыны және «7-20-25» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде пайдалануға берiлген тұрғын үй бойынша оң баға алды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеуде Макинск құс фабрикасы жобасын, жерлердi цифрландыру бойынша Шортанды ауданындағы Бараев атындағы институтты ерекше атап өттi.2018 жылы суармалы жерлердiң өсiмi республика бойынша 65 мың гектар құрады, соның iшiнде 18 мың га бiздiң облыстың үлесi болып табылады. Сондай-ақ, экономикалық пайдасы мен климаттық жағдайды ескере отырып майлы дақылдардың ауданын арттыру мүмкiндiгiн қарастыру қажет», — дедi Мәлiк Кенесбайұлы.

Өңiрде жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ететiн шағын және орта бизнестi дамыту маңызды фактор болып табылады. Осы мiндеттi орындау үшiн «Атамекен» ҰКП-мен бiрлесiп облысты дамыту жоспары әзiрленедi. Өмiр сүру сапасын арттыру үшiн жергiлiктi жолдардың сапасын арттыру көзделiп отыр. 2018 жылы Ақмола облысының аумағында476 км жол жөнделдi, ол 2017 жылғы көрсеткiштен 2 есе көп.

«Тұрғын үйлер мен әлеуметтiк объектiлердi жобалау кезiнде инфрақұрылымды ескеру қажет, ол бюджеттен қосымша шығындарды қысқартуға мүмкiндiк бередi», — дедi облыс әкiмi.

Аудандардың әкiмдерiне монополияға қарсы комитетпен бiрлесе отырып ТҮКШ тарифтерiн төмендету бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды. Халықтың қауiпсiздiгi және кәсiпорындарда жалақы төлеу проблемаларын шешу мәселелерi қозғалды. Сонымен қатар,су тасқыны кезеңiне дайындалу және төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша шаралар қолдану тапсырылды.

Мәлiк Мырзалин денсаулық сақтау басқармасына аудандық ауруханалар мен емханаларды қажеттi жабдықтармен қамтамасыз етудi тапсырды.

«Сондай-ақ бiлiм беру, атап айтқанда мектеп көлiктерiмен жарақтандыру мәселесi қозғалды. Өткен жылы облыс әкiмдiгi 20 мектеп автобусын сатып алды, қалғандарын аудандық әкiмдiктер сатып алуға тиiс болатын. Бiлiм басқармасының басшысы маған осы тапсырманы орындамағандардың тiзiмiн ұсынсын», — дедi облыс әкiмi.

Iшкi саясат басқармасына азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiне жедел әрекет етубойынша шаралар қолдануды, халық пен атқарушы билiк органдары арасында «кедергiсiз» өзара iс-қимыл форматын құруды тапсырды.

Құрылған күні: 02.02.2019
Қаралым саны: 986
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус