Облыс әкімдігінің көшпелі отырысында Ақмола облысының ӘЭД қорытындылары талқыланды

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен Ақкөл қаласында өткiзiлген облыс әкiмдiгiнiң көшпелi отырысында Ақмола облысының 2008 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылды.

Iс-шараның алдында отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысына жуырда таныстырылған «Smart Aqkol» ахуалдық орталығымен таныстырылды. Ақкөл — елдi мекендi басқарудың заманауи цифрлық технологиялары қолданылған Қазақстандағы бiрiншi қала. Smart Aqkol жол мен қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде бiлiм беру мекемелерi мен әлеуметтiк объектiлерде, бейнебақылау арқылы қаланың қалыпты өмiр сүруiн кешендi қамтамасыз етуге, мониторинг жүргiзуге, денсаулық сақтау және ТҮКШ саласында басқаруға бағытталған.

Облыс әкiмi Smart Aqkol жобасын жүзеге асыру бойынша ахуалдық орталықтың жұмысына тартылған қызметтер арасында нақты өзара iс-қимыл тетiктерi болуы қажеттiгiне назар аудартты. «Бизнес-үрдiстер облыстық құрылымдарға ғана емес республикалықтарға да қатысты. Әрбiр ведомствоның қандай да бiр оқиғаға өз хатамасы және әрекет ету тетiктерi бар. Ахуалдық орталықта салалар бойынша жедел шаралар қолдана алатын бiлiктi және дайындалған мамандар болуы керек. Өз кезегiнде тұрғындар арасында да осы орталықтың қызметiн қалай сапалы қолдану керектiгi бойынша түсiнiктеме беру жұмыстарын жүргiзу қажет», — дедi Мәлiк Мырзалин.

Облыс әкiмдiгiнiң отырысында экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев экономиканың барлық салалары бойынша оң нәтижерлерге қол жеткiзiлгенi туралы баяндады. Нақты көлем индексi өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда таукен өндiру мен өңдеу өнеркәсiбiнде, тамақ өнiмдерi өндiрiсiнде артты. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жиынтық көлемi 397 млрд теңге құрады. Облыс экономикасын дамытуға 210 млрд теңге жеке инвестициялар тартылды, өсiм — 126%.

Жаңа өңдеу кәсiпорындары ашылуы сары май өндiрiсiн — 1,8 есе, өсiмдiк майын  — 19%, ет — 12%, сүт өңдеудi –10% өсiруге мүмкiндiк бердi.

Тұрғын үй құрылысының көрсеткiштерi артты. 478 мың кв. метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, өсiм — 12%. Бұл — 4707 пәтер.

Үш ауысымда оқытуды шешу үшiн облыста 4 жаңа мектеп пайдалануға берiлдi, соның iшiнде IT мектеп-лицейi. Тағы 5 мектептiң құрылысы жалғастырылуда.

Бюджеттiң орындалуы туралы қаржы басқармасы басшысының м.а. Татьяна Белая баяндады. Бюджет көлемi 225,8 млрд теңге құрады. Шығыс бөлiгi 99,9% деңгейiнде орындалды, ол республикалық орташа көрсеткiштен жоғары.

2018 жылдың қорытындысы бойынша есебiнде полиция департаментiнiң бастығы Ержан Сәденов облыс аумағындағы криминагендiк ахуал тұрақтылығын атап көрсеттi. Қылмыстың барлық түрлерi бойынша ашылуы жоғары. Бейнебақылауды пайдалану арқылы қылмысты ашу нәтижелерi жақсарды.

Мәселелердi талқылау барысында облыс әкiмi тиiстi тапсырмалар бердi. Мәлiк Мырзалин өңiрлердiң әкiмдерi мен салалық басқармалар басшыларының назарларын қолайлы инвестициялық ахуал құру, өңдеу кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттылықтарын жүктеу, құрылыс жұмыстарының оң қарқынын қамтамасыз ету, адам капиталының сапасын арттыру бойынша кешендi шаралар қолдану қажеттiгiне аудартты.

Өңiр басшысы барлық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жобаларды жүзеге асыру кезiнде алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзудi, бюджеттiк қаржылардың толық және тиiмдi игерiлуiн қамтамасыз етудi тапсырды.

Полиция департаментiне нысаналы жедел профилактикалық iс-шаралар жүргiзудi жандандыруды және аудандар мен қалалардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып құқық бұзушылық профилактикасының субъектiлерiмен өзара iс-қимылды күшейтудi, көшелердi жарықтандыру және бұқара халық көп жиналатын жерлерде бейнебақылау камералары желiсiн кеңейтудi тапсырды.

  

Құрылған күні: 25.01.2019
Қаралым саны: 2037
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng