Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы: президенттер қандай келісімге келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат — Каспий маңы мемлекеттерi басшыларының қатысуымен өткен бесiншi Ақтау саммитiнiң коммюникесi жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сiлтеме жасап.

2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда Бесiншi Каспий саммитi өттi, оған Әзербайжан Республикасының Президентi Ильхам Әлиев, Иран Ислам Республикасының Президентi Хасан Рухани, Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путин, Түрiкменстан Президентi Гурбангулы Бердiмұхамедов қатысты.

Ашхабадта (2002), Тегеранда (2007), Бакуде (2010) және Астраханьда (2014) өткен Каспий саммиттерiнiң шешiмдерiн дамыту үшiн Каспий теңiзi өңiрiндегi бесжақты ынтымақтастықтың неғұрлым маңызды мәселелерiн талқылау, халықаралық өзектi тақырыптар бойынша пiкiр алмасу дәстүрлi достық, сенiм және тату көршiлiк жағдайында өттi.

Бес мемлекет көшбасшыларының бәтуаластық және барлық тараптардың мүдделерiн өзара есепке алу негiзiнде тұжырымдалған базалық халықаралық шартқа — Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенцияға қол қоюы жоғары деңгейдегi кездесудiң басты оқиғасы болды. Осы негiз қалаушы құжат заманауи талаптарға сай келетiн және жағалау маңындағы елдердiң жан-жақты өзара iс-қимылын одан әрi қарқындатуға бағытталған Каспий теңiзiнiң жаңа құқықтық режимiн құрады.

Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенцияны тиiмдi орындау және Каспийдегi ынтымақтастықтың әртүрлi аспектiлерiне шолу жасау мақсатында президенттер сыртқы iстер министрлiктерiнiң қамқорлығымен сыртқы iстер министрлерiнiң орынбасарлары/Каспий маңы мемлекеттерiнiң өкiлеттi өкiлдерi деңгейiнде тұрақты бесжақты консультациялар тетiгiн құру және Конвенцияға қол қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей алғашқы консультациялар өткiзу туралы шешiм қабылдады. Бiрiншi кезектегi тәртiппен тiкелей бастапқы желiлердi белгiлеу әдiстемесiне қатысты келiсiм жобасын әзiрлеуге және келiсуге кiрiсу тапсырылды.

Бесiншi Каспий саммитiнде жағалау маңындағы мемлекеттердiң өнеркәсiптiк, сауда, энергетикалық, көлiктiк-логистикалық, инновациялық, туристiк, ақпараттық және мүдделiлiк танытатын басқа да салалардағы өзара iс-қимылын одан әрi нығайтуға және дамытуға ықпал ететiн Каспий маңы мемлекеттерiнiң үкiметтерi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге және Каспий маңы мемлекеттерiнiң үкiметтерi арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою терең қанағаттанушылық сезiммен қабылданды. Осы келiсiмдердi iске асыру үшiн Каспий маңы мемлекеттерiнiң құзыреттi ведомстволарының кездесулерi тұрақты негiзде өткiзiлетiн болады. Бес елдiң кәсiпкерлерi мен бизнес-құрылымдары арасындағы байланыстарды дамыту мақсатында 2019 жылы Түрiкменстанда бiрiншi Каспий экономикалық форумын өткiзу ұсынылды.

Каспий теңiзiнде теңiз көлiгi саласында тиiмдi және өзара пайдалы ынтымақтық жасау мақсатында жағалау маңы мемлекеттерi теңiз әкiмшiлiктерiнiң бесжақты тұрақты өзара iс-қимылын ұйымдастыру маңыздылығы баса көрсетiлдi. Каспийдегi теңiз көлiгi саласындағы ынтымақтастық туралы бесжақты келiсiмдi дайындау қажеттiлiгi атап өтiлдi.

Саммит барысында Каспий теңiзiндегi оқыс оқиғалардың алдын алу туралы үкiметаралық келiсiмге қол қою мемлекеттердiң өзара iс-қимылының базалық қағидаттарын — егемендiктi, аумақтық тұтастықты құрметтеудi, бiр-бiрiнiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрмеудi, әскери қызмет саласындағы келiсiлген сенiм шараларын сақтауды өңiрлiк қауiпсiздiк пен тұрақтылықты нығайту жөнiндегi ортақ күш-жiгерге сәйкес болжамдылық және транспаренттiлiк рухында iске асыруға бағытталған.

Жағалау маңы мемлекеттерiнiң қауiпсiздiк саласындағы мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында президенттер Каспийде теңiздегi әскери қызмет саласындағы келiсiлген сенiм шараларын әзiрлеу және қабылдау қажеттiгiн растады.

Президенттер 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңiзiндегi қауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзектi сын-тегеурiндер мен қауiп-қатерлерге қарсы iс-қимыл жасауға, сондай-ақ құқыққа қарсы қызметтiң жолын кесуге бағытталған терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы, шекара ведомстволарының өзара iс-қимылы туралы хаттамаларға қол қоюды құптады.

Көшбасшылар Каспийдегi қоршаған ортаның жай-күйi мәселелерiне ерекше назар аударды. 2018 жылғы 20 шiлдеде Мәскеуде 2003 жылғы 4 қарашадағы Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғау жөнiндегi негiздемелiк конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсердi бағалау жөнiндегi хаттамаға қол қою Каспий маңы мемлекеттерiнiң осы бағыттағы күш-жiгерiнiң аса маңызды қорытындысы болғаны атап өтiлдi. Оған қабылданған хаттамалардың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi, сондай-ақ Конвенция Хатшылығын Каспий маңы мемлекеттерiнiң аумағына ротациялық негiзде орналастыру процесiн аяқтау тапсырылды.

Мемлекет басшылары 2014 жылғы 29 қыркүйектегi Астрахань саммитiнде қол қойылған су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдердiң күшiне енуiн құптады. Осы құжаттарды практикалық iске асыру Каспий теңiзiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы қауiп-қатерлерден қорғалуын арттыруға, оның бiрегей теңiз ортасы мен биологиялық әртүрлiлiгi үшiн тәуекелдердi азайтуға ықпал етедi.

Президенттер Каспий теңiзiнiң бiрлескен су биологиялық ресурстарын орнықты дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бiрлескен қорларын басқару жөнiндегi үкiметаралық комиссия жұмысының басталғанын қанағаттанғанушылық сезiммен атап өттi.

Президенттер 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңiзiндегi қауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында Каспийдiң балық қорларының сақталуына жәрдемдесуге және браконьерлiкке қарсы iс-қимыл жасауға арналған биологиялық ресурстардың заңсыз кәсiпшiлiгiне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы, сондай-ақ теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы келiсудi аяқтау қажеттiгiн атап өттi. Есiрткi құралдарының психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес туралы хаттаманы пысықтау тапсырылды.

Мемлекет басшылары теңiз бен оның жағалау маңы аймағының елеулi мәдени және рекреациялық әлеуетiн ескере отырып, Каспий өңiрiнде экономиканың туристiк сегментiн дамыту маңыздылығын атап өттi. Тиiстi органдарға Каспийдегi туризм тақырыбы бойынша бесжақты консультациялар өткiзу тапсырылды.

Президенттер өңiрлiк деңгейдегi байланыстарды, мәдени алмасуларды, медиа-форумдарды, жастар слеттерiн, спорттық жарыстарды және басқаларын қоса алғанда, Каспий маңы мемлекеттерiнiң әртүрлi форматтардағы ынтымақтастығын жандандыруға қолдау бiлдiрдi.

Президенттер Каспий теңiзiнiң бейбiтшiлiк, келiсiм, тату көршiлiк және тиiмдi халықаралық ынтымақтастық теңiзi болып табылатындығын ерекше атап өтiп, барлық Каспий маңы мемлекеттерiнiң арасындағы дәстүрлi достық байланыстардың одан әрi нығаятынына және дамитынына сенiм бiлдiрдi.

Бесiншi Каспий саммитiн жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және көрсеткен қонақжайлылығы үшiн Қазақстан Республикасына ризашылық бiлдiрiлдi. Келесi Каспий саммитi келiсiлген мерзiмде Түрiкменстанда өтедi.

Құрылған күні: 12.08.2018
Қаралым саны: 923
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng