«Арлан» ХК Ирландияға Құрылықтық кубоктың финалына қатысады

Бүгiн, 8 қаңтар күнi, Көкшетау қаласының «Арлан» ХК Белфаст қаласында (Ирландия) өтетiн Құрылықтық кубоктың финалына қатысу үшiн сапарға аттанды.

Команда Көкшетау-Астана-Лондон-Белфаст бағыты бойынша 6450 км қашықтықты жүрiп өтедi.

Құрылықтық кубоктың финалында көкшетаулық «Арлан» ХК алғашқы ойынын 11 қаңтар күнi сағат 21.00-де «Катовице» ХК-мен (Польша) өткiзедi. Екiншi ойынды «Арлан» ХК 12 қаңтарда сағат 21.00-де «Гомель» ХК-мен (Беларусия) қарсы өткiзедi. Үшiншi ойында «Арлан» ХК 13 қаңтарда сағат 23.00-де «Белфаст Джайантс» ХК-мен (Ирландия) кездеседi. Матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетiлген.

Өткен жылдың қарашасында «арландар» Лионда (Франция) Құрылықтық кубоктың аясында үш матчта үш жеңiске қол жеткiзiп, турнирдiң финалына шыққан болатын.

Құрылған күні: 08.01.2019
Қаралым саны: 376
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng