Астанаға газ тартудың бірінші кезеңі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Индустрияландырудың екiншi бесжылдығы аясындағы жалпы ұлттық телекөпiр барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын бастауға рұқсат бердi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

«Сiз жариялаған Бес әлеуметтiк бастаманың бiрi елдiң орталық және солтүстiк бөлiктерiн газдандыруға арналған. «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Темiртау-Астана» бағдары бойынша өтедi. Оның жалпы ұзындығы 1 061 шақырымға тартылады және бiр жылдағы газ өткiзу мүмкiндiгi 2,2 млрд текше метрге жетедi. Аталған жобаны iске асыру 2 млн 700 мың қазақстандықты газбен қамтамасыз етуге жол ашады. Президент мырза, «Сарыарқа» жобасының 1-шi кезеңiн жүзеге асыру үшiн арнайы капсуланы орнатуға рұқсат берiңiз», — дедi «АстанаГаз ҚМГ» бас директоры Сағидолла Мақашев. Бұдан бұрын хабарланғандай, «Сарыарқа» магистральды газ құбырының «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Темiртау-Астана» бағыты бойынша бiрiншi кезеңi 2019 жылдың желтоқсан айына дейiн аяқталады. Бiрiншi кезеңнiң болжамды құны 267 млрд теңгеден асады. Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкiмдiктерi магистральды газ құбыры мен аймақтық желiлер құрылысының мерзiмiн ескере отырып, инфрақұрылым құрылысы үшiн жол картасын әзiрлеген.

Құрылған күні: 11.12.2018
Қаралым саны: 1909
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng