Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкіміне және тұрғындарына құттықтау хат жолдады

Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ақмола облысы әкiмi М.К. Мырзалиннiң атына Елордамыз Астана қаласының 20 — жылдығына орай құттықтау хаты келiп түстi.

Елбасымыз құттықтау хатында «Сiздi және бүкiл Ақмола облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсiз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы — барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш. Сарыарқа төсiне қазығын қаққан еңселi елордамызды тұрғызуға бүкiл халқымыз жұмыла атсалысты» делiнген.

Сондай-ақ, әр өңiрдiң Астана қаласының дамуына қосқан үлестерi үшiн Елбасымыз облыс әкiмi мен облыс жұртшылығының сыйын ерекше атап өттi. «Өңiрлердiң Астанаға тартуы» жобасы аясында Ақмола облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Ұзақ қашықтықты қамтитын велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлiгi саналады. Бұл велосипед жолағы саламатты өмiр салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдiсiн дамытуға септiгiн тигiзетiн болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сiзге және өңiр тұрғындарына шынайы ризашылығымды бiлдiремiн.

Сiздерге зор денсаулық, бақ-береке тiлеймiн!» — делiнген.

Дата публикации: 11.07.2018
Количество просмотров: 599
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;