Щучье-Бурабай курорттық аймағын газдандыру

Алғаш рет Қазақстан Республикасы аумағында «Global Gas Group» компаниялар тобы сақтай отырып СТГ-отынды қайта газдандыратын локальдi станция форматында тек қоршаған орта мен атмосфера жұмысына негiзделген кешендi инновациялық технологиялық шешiмдлi iске асырды.

Қазақстан Республикасы Конституция күнi қарсаңында «Global Gas Group» табиғи газды бастапқы iске қосуды жүзеге асырып, «Rixos Borovoe» сұйылтылған табиғи газын қайта газдандыру кешiнiн пайдалануға енгiздi.

Қуаты сағатына 9 Гкал жаңа қайта газдандыру кешенi бар болғаны бiрнеше айдың iшiнде Ақмола облысында табиғатты қорғау қорық аймағында салынды және «Rixos Borovoe» отель кешенiн экологиялық отынмен толық дәрежеде қамтамасыз етедi. Бұл жоба Қазақстан Республикасы нормативтiк рұқсат базасы мен тұтынушының жеке талаптарына қатаң сәйкестiкте орындалды. Бүгiнгi күнi соған сәйкес «виртуалды құбыр желiсi» жұмыс iстейтiн технологиялық тiзбек 2017 ж. EXPO Astana халықаралық көрмесiнде таныстырылды, артынша Нұрсұлтан Назарбаев құбырсыз газдандыру жобасын мақұлдады және Ақмола облысының әкiмдiгi қолдады.

Дизель қазандықты газдандыру жобасы ауқымды күрделi қаражат салымы мен уақыт шығындарын қарастырмайды, дизельмен салыстырғанда табиғи газ құнындағы тиiмдi айырмашылық есебiнен энергия ресурстарына жұмсылатын шығынды едәуiр қысқартады.

«Rixos Borovoe» қайта газдандыру кешенi қазiргi заманғы автоматтандырылған бақылау, реттеу және басқару жүйелерiмен, қауiпсiздiктiң жоғары технологиялық жүйесiмен жарақтандырылған. СТГ-отынды газ сұйылтатын зауыттан тұтыну объектiсiне дейiн жеткiзу криогендi түтiктерде тасымалдау жолымен жүзеге асырылады. Тұтынушыға жеткiзгеннен кейiн сұйылтылған табиғи газ әдеттегi табиғи газ сияқты сол мақсаттар үшiн пайдаланылады.

«Global Gas Group» пен «Rixos Borovoe» отелiнiң бiрлескен жобасы Ақмола облысы табиғатты қорғау қорық аймағы экологиясын жақсартуға бағытталған iс-шаралардлың тұтас кешенi арасында алғашқысы болды. Таяу уақытта бiз объектiлердi локальдi газдандырудың кейiнгi жобаларын iске асыру үшiн алынған жемiстi тәжiрибенi ауқымды етудi жоспарлап отырмыз. Сонымен бiрге бiз өңiрдiң қолданыстағы экологиялық проблемаларын шешудiң келесi кезеңiн iске асыруға дайындадық — бұл облыстың қала және арнайы көлiгiн бiртiндеп мотор СТГ-отынға көшiру», — дедi «Global Gas Regazification» директоры Панаёт Саулиди.

2017 жылғы ақпанда «Global Gas Group» «Astana LNG 2020» жобасы шеңберiнде Астана қ. алғашқы «Тұран» СТГҚГК iске қосқанын, оның тұтынушылары «Назарбаев Университетi», «Ғарыш Сапары» ҰК АҚ және Қорғаныс университетi болғанын естерiңiзге сала кетемiз. Тек осы үш объектiнiң қазандықтарын дизель отынынан табиғи газға ауыстыру 2017-2018 жж. жылыту кезеңiнде Астана аумағына зиянды заттарды шығаруды 23 тоннаға қысқартады және бюджет ақшасын едәуiр 700 млн. теңге мөлшерiнде үнемдейдi.

«Global Gas Group» ЖШС бұқарамен байланыс қызметi

Құрылған күні: 05.09.2018
Қаралым саны: 607
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng