Ермек Маржықпаев Зеренді ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысымен және егістіктің жағдайымен танысты

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зерендi ауданының Ақкөл ауылдық округiнде болып қайтты. Өңiр басшысы тұрғын үй құрылысы учаскелерiне инженерлiк коммуникациялар тарту жұмыстарының барысымен танысты. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақкөл ауылында жалпы ауданы 20 гектар жерде жеке тұрғын үй құрылысына арналған 170 учаске бөлiнген.

Бүгiнгi таңда мұнда электр желiлерi тартылып жатыр. 180 млн теңге келiсiм соммасының 120 млн теңгесi игерiлдi. Келесi жылы су құбырларын тарту басталады. Жұмыстар аяқталғаннан кейiн ЖТҮҚ арналған жер учаскелерi тұрғын үйге мұқтаждар кезегiнде тұрғандарға берiлетiн болады.

Ермек Маржықпаев аудан әкiмi Берiкжан Әбутәлiповке инженерлiк желiлердi құрылыс алаңдарына уақытында жеткiзудi қамтамасыз етудi тапсырды. «Жұмыстар сапалы орындалуы керек», — дедi облыс әкiмi.

Облыс әкiмi «Берекет-2050» агрофирмасының ауыл шаруашылық алқаптарын қарап өттi. 5 мың гектардан аса алқапта диқандар бидай, сұлы, рапс, зығыр және басқа да дақылдар өсiруде. Бұрын бұл босалқы жерлер болатын, бүгiн — күтiмi бар егiстiк. Шаруашылық мұнда екiншi жыл егiн өсiрiп жатыр.

 — Сұлыны дестелеудi аяқтадық, оны 7-10 мамырда еккенбiз. Өнiмдiлiгi әр гектарынан 25-28 центнер құрайды. Бидайды әр гектарынан 25-28 шамасында 30 ц/га дейiн күтiп отырмыз. No-till — топырақты нөлдiк өңдеу технологиясын қолданамыз», — деп баяндады облыс әкiмiне кәсiпорын директоры Яков Савченко.

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев диқандардың еңбегiне оң баға берiп жақсы өнiм жиналуына тiлектестiк бiлдiрдi.

Сонымен қатар, облыс әкiмi Уәли ханның мазарына барды. «Берекет — 2050» ЖШС құрылтайшысы, жергiлiктi меценат Борис Козлов мавзолейдiң аумағын абаттандыру үшiн 10 млн теңгеге жуық қаржы жұмсады. Облыс әкiмiмен сұхбат барысында қасиеттi объектiге жол құрылысын салу мәселесi талқыланды.

 

Құрылған күні: 08.08.2019
Қаралым саны: 261
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус